№2 Әдістемелік отырыс

Теміртау қаласы 27 қаңтар 2023 жыл

Күн тәртібінде

  1. Жұмыс жоспары–/М.Б.Ахметжанова /
  2. Мемлекеттік, ағылшын және орыс тілдерін оқыту курстарының

сабақтарына қатысу кестесі – / С.Ж.Жақыш /

  1. 2023 жылдың І, ІІ, ІІІ кезеңдерінде қазақ тілі, ағылшын тілдері бойынша ашық сабақтар өткізу кестесі – / С.Ж.Жақыш /
  2. Интернет желісіне апта сайын қажетті мәлімет, қызықты ақпарат жариялап тұру кестесі – / Г.Т.Мазайн /
  3. Әртүрлі мәселелер, әдістемелік құрал дайындау – / М.Б.Ахметжанова /

№2 Өндірістік кеңестің

ХАТТАМАСЫ

27 қаңтар 2023 жыл

Күн тәртібінде

  1. Жұмыс жоспары
  2. Мемлекеттік, ағылшын және орыс тілдерін оқыту курстарының

сабақтарына қатысу кестесі

  1. 2023 жылдың І, ІІ, ІІІ кезеңдерінде қазақ тілі, ағылшын тілдері бойынша ашық сабақтар өткізу кестесі
  2. Интернет желісіне апта сайын қажетті мәлімет, қызықты ақпарат жариялап тұру кестесі
  3. Әртүрлі мәселелер, әдістемелік құрал дайындау

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша, орталық басшысы М.Б.Ахметжанова сөз бастап, яғни 2023 жылдың І кезеңінде атқарылатын жұмыстар еске түсіріліп, орындалысы бойынша ақпарат сұралды. Әр оқытушы өзінің тобы, тыңдаушылары туралы толық ақпарат беріп, жасап жатқан жұмыстарын ортаға салды.

Орталықтың әдіскері С.Ж.Жақыш күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша, мемлекеттік, ағылшын және орыс тілдерін оқыту курстарының

сабақтарына қатысу кестесімен таныстырып, қамтитын аралығын атап өтті. Яғни, 31.01 – 08.02.2023ж күндері аралығында онлайн/офлайн топтардың барлығын қамтып, күнделікті сабаққа қатысып, талдау жұмыстары жүргізілетіні айтылды. Оқытушылар сабаққа қатысу кестесімен танысып, сұрақтарын қойып, түсінбеген жерлерін нақтылап алды.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе: 2023 жылдың І, ІІ, ІІІ кезеңдерінде қазақ тілі, ағылшын тілдері бойынша ашық сабақтар өткізу кестесін таныстыру, бекіту. Орталық әдіскері С.Ж.Жақыш жалпы орталықта 10 оқытушы жұмыс жасайтынын, оның 6 мемлекеттік тіл бойынша, 3 ағылшын тілі бойынша, 1 орыс тілі бойынша курстар жүргізетінін ескерте отырып, екі кезеңге үш оқытушыдан, бір кезеңге төрт оқытушыдан бөлгенін және ашық сабақтар сол кезеңдегі мерекелік күндерге орай өткізілетінін, тақырыптар соған орай таңдалғанын айтып өтті. Оқытушылар өздерінің қай кезеңде өткізетінін, қандай шараға арнап өткізетінін өздеріне белгілеп, келісетіндерін білдірді.

Өндірістік кеңестің күн тәртібіндегі төртінші мәселесі бойынша орталықтың екінші әдіскері Г.Т.Мазайн сөз алды. Оқытушыларға интернет желісіне апта сайын қажетті мәлімет, қызықты ақпарат жариялап тұру қажеттігін, және ол материал тікелей өздерінің салаларына бағытталатынын айта өтіп, әр оқытушы айына бір рет материал жариялау керектігі және кесте бойынша кім, қашан материал дайындау қажеттігі ескертілді.

Сондай – ақ, өндірістік кеңестің соңында әр түрлі мәселелер бойынша М.Б.Ахметжанова сөз сөйледі. Жалпы курстардың ойдағыдай жүріп жатқанын, жұмыстардың атқарылып жатқанын айтып өтті. Сонымен қатар, оқытушыларға «Қандай сұрақ, қандай мәселе бар?» деген сұрақ қойылды. Және оқу жылының соңына дейін әр оқытушы кез-келген бағытта, өз саласы бойынша бір «Әдістемелік құрал» дайындау қажет деген ұсыныс тасталды. Оқытушылар тарапынан қарсылық туындаған жоқ.

Отырыс төрайымы М.Б.Ахметжанова

Хатшы С.Ж.Жақыш

Similar Posts