Теміртау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту,
дене шынықтыру және спорт бөлімінің
«Теміртау қаласының тілдерді дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1.1. Теміртау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Теміртау қаласының тілдерді дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) заңды тұлға мәртебесіне ие, мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық формасында тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады.
1.2. «Теміртау қаласының тілдерді дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы жергілікті атқарушы орган – Теміртау қаласының әкімдігі болып табылады.
1.3. «Теміртау қаласының тілдерді дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің уәкілетті органы «Теміртау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
1.4. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің қазақ тіліндегі толық атауы: Теміртау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Теміртау қаласының тілдерді дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Мемлекеттік мекеменің орыс тіліндегі толық атауы: Коммунальное государственное учреждение «Центр развития языков города Темиртау» отдела культуры, развития языков, физической культуры и спорта города Темиртау.
1.5. Мекеменің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, 101406, Теміртау қаласы, Абай көшесі 112 үй.
2. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің заңды мәртебесі
2.1. Мекеме мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап заңды тұлға құқығына ие болады.
2.2. Мекеменің дербес балансы, заңдарға сәйкес банктерде шоттары, мемлекеттік және орыс тілдерінде өз атауы жазылған бланкілері, мөрі мен мөртаңбасы болады.
2.3. Мемлекеттік мекеме құра алмайды, сонымен қатар белгіленген тәртіппен мемлекеттік меншікке иелену, пайдалану, басқару құқығы берілген мекемелерді қоспағанда, басқа заңды тұлғаның қатысушысы ретінде шығуға болмайды.
2.4. Мекеме міндеттемелері бойынша өзінің билігіндегі ақшалай қаражатпен жауап береді. Мекемеде қаражат жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша жауапкершілікті уәкілетті орган алады.
2.5. Мекеменің жасаған азаматтық-құқықтық мәмілелері Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен ретпен тіркеуден өтуге жатады. Келісім – шарт міндеттері бойынша мемлекеттік мекеменің жауапкершілігі заңнамаға сәйкес мекемені ұстауға бекітілген смета шегінде болады.
3. Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты мен түрлері
3.1. Мекеме қызметінің мәні:
– білім беру, ағартушылық қызметі;
– тіл саясаты саласында ғылыми – зерттеушілік және әдістемелік қызмет;
– мемлекеттік тілді және басқа да тілдерді дамыту;
3.2. Мекеме қызметінің мақсаты:
– азаматтардың мемлекеттік және басқа да тілдерді меңгеру құқықтарын іске асыруға көмектесу;
– тіл бойынша барлық формадағы білім мен ақпаратқа кедергісіз қол жеткізу;
– жеке тұлғаның қалыптасуын дамыту, білім беру және өзін-өзі тәрбиелеу үшін жағдай жасау;
– тіл саясаты бойынша іс-шаралар өткізу;
– қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық іс-шараларға, акцияларға қатысу;
3.3. Осы мақсаттарға жету үшін мекеме келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
– осы Ережеге сәйкес оқу курстарында тілдерді оқытуды ұйымдастыру;
– тілдерді оқыту саласындағы озық тәжірибені зерделеу және қорыту, оны қаланың оқу орындарында, кәсіпорындары мен ұйымдарында тарату;
– тілдерді оқыту курстары аяқталғаннан кейін курстарды табысты аяқтаған және емтихан тапсырған тыңдаушыға тиісті құжат (сертификат немесе куәлік) беруге құқылы;
– коммуналдық мемлекеттік мекеменің әдістемелік базасын жинақтау: тілдерді оқыту үшін құралдар, оқулықтар, тілашарлар, электрондық және аудиокітаптар сатып алу;
– өндірістік дамудың мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында мекеме Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құрылтайшының келісімімен басқа мекемелермен және кәсіпорындармен шарт негізінде одақтарға, қауымдастықтарға, компанияларға, өңірлік және басқа да бірлестіктерге бірігуге құқылы. Бірлестікке кірген кезде мекеме өзінің дербестігін және заңды тұлға құқығын сақтайды;
-фестивальдар, байқаулар, конкурстар, білім беру-оқыту қызметін (семинарлар, практикумдар, мастер-кластар, тренингтер, студиялар, дөңгелек үстелдер) ұйымдастыру;
– әдістемелік ұсыныстарды, жинақтарды, брошюраларды әзірлеу және шығару;
– тілдерді дамыту саласында қызмет көрсету бойынша әлеуметтік тапсырыстарды орындау;
– тілдерді дамыту саласында республикалық және халықаралық маңызы бар шығармашылық жобаларға, фестивальдерге, конкурстарға қатысу;
3.4. Мекеменің коммуналдық мемлекеттік мекемені құру мақсатына сай келмейтін қызметпен айналысуға құқығы жоқ.
4. Коммуналдық мемлекеттік мекемені басқару
4.1. Уәкілетті орган заңнамада белгіленген тәртіппен келесі қызметтерді іске асырады:
4.1.1. Коммуналдық мекеме құру туралы шешім қабылдайды;
4.1.2. Мекеменің ережесін бекітеді, ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізеді немесе осыған жергілікті бюджеттен қаржаландырылатын атқарушы орган уәкіл етеді.
4.1.3. Мекемеге мүлікті бекітеді.
4.2. Мекеменің жалпы басқаруын заңнамаға сәйкес белгіленген уәкілетті орган жүргізеді.
4.3. Уәкілетті орган заңнамамен белгіленген тәртіпте келесі функцияларды жүзеге асырады.
4.3.1. Мекемені ұстау үшін сметаны (шығын жоспарын) бекітеді.
4.3.2. Мекемеге берілген мүліктің тиімді пайдаланылуы мен сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
4.3.3. Мекеме басшысының құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін, оны атқаратын қызметінен босатудың негізін анықтайды.
4.3.4. Мекеменің басқару органдарының құрылымын, қалыптастыру тәртібін және өкілеттік мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды.
4.3.5. Мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді.
4.3.6. Мекеме басшысының ұсынуы бойынша оның орынбасарын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
4.3.7. Жылдық қаржылық есептілікті бекітеді.
4.3.8. Заңнамада белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
4.4. Заңнамамен белгіленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік мекеменің басшысы уәкілетті органмен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
4.5. Мекеме қызметін жүзеге асырған кезде басшыға заңнамада белгіленген тәртіппен келесі өкілеттіктер беріледі:
4.5.1. Мекеме басшысы мекеменің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, уәкілетті органға тікелей бағынады (заңнамада белгіленген жағдайларды қоспағанда) және мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауап береді.
4.5.2. Мекеменің басшысы дара басшылық қағидатында әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасымен әрі осы ережемен белгіленген құзіретіне сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметі мәселелерін дербес шешеді.
4.5.3. Мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді.
4.5.4. Барлық ұйымдарда мекеменің мүдделерін білдіреді.
4.5.5. Заңдарда белгіленген шектерде мүлікке билік етеді.
4.5.6. Шарттар жасайды.
4.5.7. Сенімхаттар береді.
4.5.8. Мекеменің іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың өзге де түрлері бойынша тәртібі мен жоспарын бекітеді.
4.5.9. Банк шоттарын ашады.
4.5.10. Барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді.
4.5.11. Уәкілетті орган тағайындағаннан басқа мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады. Мекеме қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады.
4.5.12. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, мекеме қызметкерлеріне көтермелеу шараларын және тәртіптік жазалау шараларын салады.
4.5.13. Өз орынбасарының (орынбасарларының) және мекеменің өзге де басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік аясын айқындайды.
4.5.14.Өз қарамағындағы қызметкердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін дербес жауап береді.
4.5.15. Мекеме мен уәкілетті орган арасындағы мемлекеттік мүлік бойынша өзара қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасына және мекеменің ішкі құжаттарына сәйкес белгіленеді.
5. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің кірісті пайдалану қызметі және мүлікті қалыптастыру тәртібі
5.1. Мекеменің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны мекеменің балансында көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.
5.2. Мекеменің мүлкі оған жедел басқару құқығымен тиесілі және мемлекеттік меншікке жатады.
5.3. Егер мекемеге кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
5.4. Мекеменің қызметін қаржыландыру, егер заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджет есебінен ғана жүзеге асырылады.
5.5. Мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және заңнамаға сәйкес есеп береді.
5.6. Мекеменің қаржы-шаруашылық қызметін тексеруді және тексеруді заңнамада белгіленген тәртіппен уәкілетті орган жүзеге асырады.
6. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкін құрау көздері
6.1. Мекеменің мүлкін заң актілеріне сәйкес ақшалай және өзге де нысандарда қалыптастыру көздері
1) құрылтайшылардан түсетін түсімдер;
2) ерікті мүліктік жарналар мен қайырмалдықтар;
3) заңнамада белгіленген жағдайларда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін түсімдер (кіріс);
4) акциялар, облигациялар, басқа да бағалы қағаздар мен салымдар (депозиттер)бойынша алынатын дивидендтер (табыстар, сыйақы (мүдде);
5) заңмен тыйым салынбаған басқа да түсімдер болып табылады.
6.2. Заң актілерінде мекеменің жекелеген түрлерінің кіріс көздеріне шектеулер белгіленуі мүмкін.
6.3. Құрылтайшылардан түсетін қаржы және өзге де қаражат түсімдерінің тәртібі мекеменің құрылтай құжаттарында айқындалады.
6.4. Құрылтайшылардың мекеме мүлкін ақшалай емес, заттай және өзге нысандарда қалыптастыруға салған салымдары құрылтайшының келісімі бойынша ақшалай нысанда бағаланады. Егер мұндай салымның құны жиырма мың айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне баламалы сомадан асып кетсе, оның бағасын аудиторлық ұйым растауға тиіс.
7. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері туралы мәлімет
7.1. Мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында филиалдар құруға және өкілдіктер ашуға құқылы.
8. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі
8.1. Мекеменің жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
9. Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
9.1. Мекемені қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
9.2. Мекемені қайта ұйымдастыру бірігу, қосылу, бөліну, бөлініп шығу, қайта құру нысанында және заңдарда көзделген басқа да нысандарда жүргізілуі мүмкін.
9.3. Мекеме, қайта құрылған ұйым мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап, қайта құрылған болып есептеледі. Мекеме оған басқа ұйымның қосылуы нысанында қайта ұйымдастырылған кезде заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеліміне қосылған ұйым қызметінің тоқтатылғаны туралы жазба енгізілген кезден бастап олардың біріншісі қайта ұйымдастырылған болып есептеледі.
9.4. Мекеме Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және басқа да заңнамалық актілерде көзделген негізде және тәртіппен өз мүлкінің меншік иесінің немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның шешімі бойынша және сот шешімі бойынша таратылуы мүмкін.
9.5. Мекемені тарату туралы шешім қабылдаған құрылтайшы немесе уәкілетті орган бұл туралы заңды тұлғаларды тіркеуді жүзеге асыратын әділет органына дереу жазбаша хабарлауға міндетті.
9.6. Мемлекеттік мекемені тарату туралы шешім қабылдаған құрылтайшы немесе уәкілетті орган тарату комиссиясын тағайындайды және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және басқа да заң актілеріне сәйкес тарату тәртібі мен мерзімдерін белгілейді.
9.7. Тарату комиссиясы тағайындалған кезден бастап оған мемлекеттік мекеменің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі өкілеттік көшеді. Тарату комиссиясы таратылатын коммерциялық емес ұйымның атынан сотта сөз сөйлейді.
10. Коммуналдық мемлекеттік мекеме таратылған жағдайда мүлікті оның мүлікті пайдалану тәртібі
10.1. Мемлекеттік мекеме таратылған кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік, егер заң актілерінде өзгеше тәртіп көзделмесе, құрылтай құжаттарында көрсетілген мақсаттарға жұмсалады.
10.2. Егер ұйымның жарғысында мұндай тәртіп көзделмесе, тарату туралы шешім қабылдаған органның шешімі бойынша қалған мүлік таратылатын ұйым сияқты мақсаттарды немесе оларға жақын мақсаттарды көздейтін коммерциялық емес ұйымға берілуі мүмкін.
11. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
11.1. Мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Теміртау қаласының мәдениет,
тілдерді дамыту, дене шынықтыру
және спорт бөлімінің
«Теміртау қаласының тілдерді
дамыту орталығы» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі басшысы М. Ахметжанова