№3 Әдістемелік отырыс

Теміртау қаласы 22 қыркүйек 2023 жыл

Күн тәртібінде

  1. Курстың басталуы, жұмыс тәртібі(топтар,құжаттар папкасы,сабақ кестесі, сабақтың өту барысы, уақыты) –/М.Б.Ахметжанова /
  2. Курстың ұйымдастырылу сапасы( бағдарлама бойынша әдістемелік құралдарын, оқулықтарды, оқыту материалдарын қолдану, оның ішінде тіл үйренуге бағытталған сайттардың, бағдарламалардың сілтемелері, деңгейлер тіл үйретуге бағытталған оқулықтар, жұмыс дәптерлері, қазақ тіліндегі пайдалы контенттер) – /Г.Н.Сыдыкова/
  3. Қала күніне, 25 қазан – Республика күніне арналған іс-шараны ұйымдастыру – / М.Б.Ахметжанова /
  4. Интернет желісіне апта сайын қажетті мәлімет, қызықты ақпарат жариялап тұру кестесі – / Г.Т.Мазайн /
  5. Әртүрлі мәселелер( кабинетті безендіруге ұсыныстар, сөйлесу клубы туралы ақпаратты қызметкерлер өз әлеуметтік парақшаларында бөлісу, электр қуат көзін үнемдеу, сақтану шаралары, @tilder.temirtau парақшасында белсенді болу және т.б.)
  6. Әдістемелік құрал дайындау(видероликтерді көрсету) – / М.Б.Ахметжанова /

№3 Өндірістік кеңестің

ХАТТАМАСЫ

22 қыркүйек 2023 жыл

Күн тәртібінде

  1. Курстың басталуы, жұмыс тәртібі(топтар,құжаттар папкасы,сабақ кестесі, сабақтың өту барысы, уақыты)
  2. Курстың ұйымдастырылу сапасы( бағдарлама бойынша әдістемелік құралдарын, оқулықтарды, оқыту материалдарын қолдану, оның ішінде тіл үйренуге бағытталған сайттардың, бағдарламалардың сілтемелері, деңгейлер тіл үйретуге бағытталған оқулықтар, жұмыс дәптерлері, қазақ тіліндегі пайдалы контенттер)
  3. Қала күніне, 25 қазан – Республика күніне арналған іс-шараны ұйымдастыру
  4. Интернет желісіне апта сайын қажетті мәлімет, қызықты ақпарат жариялап тұру кестесі
  5. Әртүрлі мәселелер, әдістемелік құрал дайындау

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша, орталық басшысы М.Б.Ахметжанова сөз бастап, 2023 жылдың І,ІІ кезеңінде атқарылған жұмыстарға тоқталды. 2023 жылғы ІІІ кезеңнің басталуымен құттықтап, курстың басталуына, топтарға, сабақ кестесі мен өту барысына, сабақты өткізу ұзақтығына тоқталды. Әр оқытушы өзінің тобы, тыңдаушылары туралы толық ақпарат беріп, ұйымдастыру барысын ортаға салды.

Орталықтың әдіскері Г.Н.Сыдыкова күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша, курстың ұйымдастырылу сапасы( бағдарлама бойынша әдістемелік құралдарын, оқулықтарды, оқыту материалдарын қолдану, оның ішінде тіл үйренуге бағытталған сайттардың, бағдарламалардың сілтемелері, деңгейлер тіл үйретуге бағытталған оқулықтар, жұмыс дәптерлері, қазақ тіліндегі пайдалы контенттер) жөнінде мәселелер төғірегінде сөз қозғады. Оқытушылар жоғарыда аталған ақпаратпен танысып, сұрақтарын қойып, түсінбеген жерлерін нақтылап алды.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе: Қала күніне, 25 қазан – Республика күніне арналған іс-шараны ұйымдастыру жөнінде басшы М.Б.Ахметжанова атқарылатын, ұйымдастырылатын шараларды айтып, тиісінше оқытушылар мен әдіскерлерге міндеттер мен жұмыстар жүктеді. Өндірістік кеңестің күн тәртібіндегі төртінші мәселесі бойынша орталықтың екінші әдіскері Г.Т.Мазайн сөз алды. Оқытушыларға интернет желісіне апта сайын қажетті мәлімет, қызықты ақпарат жариялап тұру қажеттігін, және ол материал тікелей өздерінің салаларына бағытталатынын айта өтіп, әр оқытушы айына бір рет материал жариялау керектігі және кесте бойынша кім, қашан материал дайындау қажеттігі ескертілді.

Сондай – ақ, өндірістік кеңестің соңында әр түрлі мәселелер бойынша М.Б.Ахметжанова сөз сөйледі. Жалпы курстардың ойдағыдай жүріп жатқанын, жұмыстардың атқарылып жатқанын айтып өтті. Сонымен қатар, оқытушыларға «Қандай сұрақ, қандай мәселе бар?» деген сұрақ қойылды. Және оқу жылының соңына дейін әр оқытушы кез-келген бағытта, өз саласы бойынша бір «Әдістемелік құрал» дайындау қажет деген ұсыныс тасталды. Оқытушылар тарапынан қарсылық туындаған жоқ.

Отырыс төрайымы М.Б.Ахметжанова

Хатшы Г.Н.Сыдыкова

Similar Posts