№1 Әдістемелік отырыс

Теміртау қаласы 06 қаңтар 2023 жыл

Күн тәртібінде

  1. Оқытушылардың жүктемесін бөлу–/М.Б.Ахметжанова /
  2. Бағдарламаны, тізімдерді бекіту – / М.Б.Ахметжанова /
  3. Сабақ кестесін бекіту– / М.Б.Ахметжанова /
  4. 2023 жылдың жылдық жоспарын таныстыру – / М.Б.Ахметжанова /
  5. Еңбек тәртібі
  6. Әртүрлі мәселелер

№1 Өндірістік кеңестің

ХАТТАМАСЫ

06 қаңтар 2023 жыл

Күн тәртібінде

  1. Оқытушылардың жүктемесін бөлу
  2. Бағдарламаны, тізімдерді бекіту
  3. Сабақ кестесін бекіту
  4. 2023 жылдың жылдық жоспарын таныстыру
  5. Еңбек тәртібі
  6. Әртүрлі мәселелер

Өндірістік кеңесті орталықтың басшысы М.Б.Ахметжанова ашты. Оқытушылармен амандасып, жаңа оқу жылымен яғни 2023 жылдың І кезеңімен құттықтап, ойдағыдай өтуін, осы жылымыз табысты болуын тіледі. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша: Жалпы қазіргі таңда орталықта 10 мұғалім жұмыс жасайды. Оның ішінде 7 оқытушы – мемлекеттік тіл, 3 оқытушы – ағылшын тілі және 1 оқытушы – орыс тілі маманы. Біздің оқытушылар 1 – 1.5 жүктемемен жұмыс жасайды. Қазіргі таңда, ең басты мәселе – оқыту курстарын уақытында бастап кету. Биылғы жылы жоспар бойынша мемлекеттік тілге 550, ағылшын тіліне 300, орыс тіліне 50 тыңдаушы қамтылу қажет.

І кезеңде мемлекеттік тіл бойынша 201 тыңдаушы, ағылшын тілі бойынша 75 тыңдаушы, орыс тілі бойынша 20 тыңдаушы тартылды. Мемлекеттік тілді оқытуда барлығы 15 топ, оның ішінде А1 деңгейінен 8 топ, А2 деңгейінен 7 топ. Ағылшын тілін оқытуда барлығы 6 топ, оның ішінде А1 деңгейінен 4 топ, А2 деңгейінен 1 топ, В2 деңгейінен 1 топ. Орыс тілін оқытуда 1 топ, деңгей бойынша А1.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе де қарастырылды. Стандартқа сай әр деңгей бойынша бағдарламалар қарастырылып, бекітілді. Әр топ 10 – 15 адамнан құралып, оқытушыларға таныстырылып, бекітілді.

2023 жылдың І кезеңі бойынша оқытушылардың сабақ кестесі жалпы және жекелей құрылып, онлайн/офлайн топтар қарастырылды.

Күн тәртібіндегі екінші – үшінші мәселе бойынша: 2023 жылы атқарылатын жұмыстар, өткізілетіен іс – шаралар таныстырылып, ортаға талқыланып, оқытушылардың ойлары, көзқарастары тыңдалып бір ауыздан бекітілді. Орталыққа жаңа маман алынғаны туралы айтылып, қазақ тілі оқытушысы Ауланова Альбина Бакытовна таныстырылды. Сонымен қатар, күн тәртібі қарастырылып, жұмыс уақыты айқындалып ескертіліп өтті.

Қосымша оқытушыларға І кезеңнің жүру барысы, қамтылатын аралығы яғни 09.01-31.03.2023ж, журналға қойылатын талаптар, тапсырылатын құжаттар, енгізілген өзгерістер туралы айтылды.

Отырыс төрайымы М.Б.Ахметжанова

Хатшы С.Ж.Жақыш

Similar Posts