«ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫ» ММ «РЕСУРСТЫҚ ТІЛ ОРТАЛЫҒЫ» КММ

ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢОРТАДЕҢГЕЙГЕ (В1) АРНАЛҒАН

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ (SYLLABUS)

Қазақ тілін оқытудың Орта деңгейге (В1) арналған

жұмыс бағдарламасын (syllabus) әзірлеген:

Жақанова Жұпар Рысқұлқызы – бөлім меңгерушісі, п.ғ.м.

Смыкова Әсия Даниярқызы – әдіскер

Мемлекеттік және жергілікті басқару саласындағы мемлекеттік қызметшілерге, ересектерге арналған қазақ тілін оқыту бағдарламасы. Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Орта (В1)

Бағдарлама (syllabus) бірінші рет ұсынылып отыр

«Ресурстық тіл орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

Латын графикасына көшу бойынша оқыту және әдістемелік жұмыс бөлімі

(Құрылтайшы мекемежазылады. Не әкімдік, болмаса тілдерді дамыту бөлімі)

«Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» ММ-мен келісілген

Басқарма басшысы ___________ _________________________ «___»____2019ж.

(қолы) (А.Ж.Ә.)

Оқыту орталығының директоры бекітеді.

«Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ресурстық тіл орталығы» КММ-мен келісілген

Орталық директоры ___________ _________________________ «___»____ 2019 ж.

(қолы) (А.Ж.Ә.)

КУРСТЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ

Курсты жүргізу барысында арнайы мақсаттар қойылып, оларға қол жеткізу үшін орындалуы тиіс нақты міндеттер белгіленеді.

Оқытудың мақсаты

Мемлекеттік және жергілікті басқару саласындағы мемлекеттік қызметшілер мен ересектерүшін қазақ тілін оқудағы негізгі мақсат тіл үйренушіге қазақ тілін оқытудың бес деңгейлік жүйесінің ішкі сатыларымен төменнен жоғарыға қарай көтере отырып, әлеуметтік коммуникативтік міндеттерді әртүрлі тұрмыстық, мәдени, кәсіби және ғылыми қызмет қатысымындағы коммуникативтік құзыреттілікті қажетті деңгейде меңгерту болып табылады.

Міндеттері:

  • тіл үйренушінің өз бетінше білім алу қабілетін дамыту;
  • танымдық, зерттеу біліктілігін қалыптастыру;
  • ақпараттық мәдениетін дамыту;
  • сөйлеу әдебі түрлерін меңгерту;
  • сөйлем құрастырудың әдіс-тәсілдерін практикалық жолмен үйрету;
  • сөйлеу әрекеттерінің түрлері арқылы ауызша және жазбаша тілдік мәдениетін қалыптастыру.

Тіл үйренуші қазақ тілін меңгеру барысында мынадай біліктерге қол жеткізуі тиіс:

Тыңдалым бойынша:

Тіл қолданушы:

  • радиодан, үнтаспадан өзіне таныс тақырыптар мен мәліметтерді тыңдап, түсіне алады;
  • кәсібі бойынша баяндалған дәріс пен сұхбаттарды түсіне алады;
  • өз жұмысына, демалысқа, тағы басқа жағдайларға қатысты таныс тақырыптарда сұхбаттар мен әңгімелерді түсіне алады;
  • мәтін көлемі – 120-200 сөз, 1 рет тыңдалады; диалог көлемі – 10-12 реплика

Оқылым бойынша:

Тіл қолданушы:

  • таныс, нақты, қысқа мәтіндерді түсіне алады;
  • күнделікті қолданылып жүрген материалдардан өзіне қажет ақпараттарды таба алады;
  • кейбір ресми құжаттардан қажетті ақпараттарды тауып, оқи алады;
  • өзін қызықтыратын тақырыптағы мәтін мазмұнын толық түсініп оқи алады;
  • таныс тақырыптарда шағын газет материалын түсініп оқи алады;
  • қарапайым тілмен жазылған кейбір ережелерді түсініп оқи алады;
  • мәтін көлемі – 150-250 сөз.

Жазылым бойынша:

Тіл қолданушы:

  • өзін қызықтыратын тақырыпқа қарапайым эссе жаза алады;
  • өзіне кеңінен таныс және қызықтыратын мәселелер бойынша қарапайым мәтін жаза алады;
  • өзінің кәсібіне, қызметіне байланысты өз пікірін жаза алады;
  • бұл деңгейде ұсынылатын мәтін көлемі – 150-200 сөз;
  • мәтіндердегі сөйлемдердің көлемі – 20 сөйлемге дейін;
  • тыңдаушы диктант, мазмұндама жазатын болса, тыңдалуы 2 рет.

Айтылым бойынша:

Тіл қолданушы:

  • «Отбасы», «Қызығушылық», «Жұмыс», «Саяхат», «Күнделікті оқиға» т.б. тақырыптар бойынша әңгімеге қатыса алады;
  • кәсібіне қатысты тақырыптарға еркін сөйлесіп, ақпарат алмаса алады;
  • таныс тақырыптардағы әңгімеге дайындықсыз еркін қатыса алады;
  • өзінің жеке пікірін білдіре алады;
  • қоғамдық орындарда тілдік қарым-қатынасқа түсе алады;
  • мәтін көлемі – 150-250 сөз.

Орта деңгейден күтілетін нәтижелер:

Тіл қолданушы:

  • жұмыста, бос уақытта тақырыптары бойынша әдеби тілде түсінісе алады;
  • қазақ тілділермен тілдік қарым-қатынасқа түскенде негізгі коммуникативтік қажеттіліктерін қанағаттаныдыра алады;
  • белгілі немесе өзін қызықтыратын тақырыптар бойынша мәлімет бере алады;
  • өз таңданысы мен алған әсері туралы айтып, оқиғаларды сипаттай алады;
  • лексикалық минимум көлемі – 2000-2300 бірлік болады.

Оқыту бағдарламасы мемлекеттік қызметшілерді оқытудың нормативтік-құқықтық базасы

        1. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңы, №151, 11.07.1997ж.;
        2. Қазақстан Республикасында тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
        3. ҚР СТ 1926-2015 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Қарапайым деңгей. Жалпы меңгеру;
        4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Стандартына сәйкес қазақ тілін оқытуға арналған Типтік бағдарлама;
        5. Қазақ тілін қарапайым деңгейде меңгерудің деңгейлік-тақырыптық лексикалық минимумы, 2011.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. «Сарыарқа» оқу-әдістемелік кешенінің жалғастырушы деңгейге арналған «Тіл дамыту» оқу құралы (І, ІІ, ІІІ, ІV, V, Х модульдер);
  2. Қазақ тілін оқытуға арналған типтік оқу-әдістемелік кешен. Қазақ тілі. Орта деңгей. Астана 2012;
  3. Күзекова З.С. Қазақша сөйлейміз. Тілді оқып-үйренудің ортаңғы кезеңіне арналған оқу құралы. Алматы., 2010;
  4. Күзекова З.С. Қазақ тілі практикумы. Грамматикалық жаттығулар жинағы. Тілді оқытып-үйретудің ортаңғы, жалғастыру кезеңіне арналған оқу құралы (В1, В2) Астана, 2012
  5. Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы (емле, тыныс белгілері, сөз сазы). Астана: Елорда, 2000
  6. Алдашева А., Сүлейменова Э., Аханова Д.Х, Алдаш Ж.Б. Ресми-іскери тіл: қазақша-орысша тіркесімдер сөздігі. – Алматы, «Издательство «Арман-ПВ»», 2005.

Аталған бағдарламаның сабақтары практикалық, тренинг түрінде жүргізіледі.

Оқытылатын контингент:

Қарағанды облысындағы мемлекеттік және жергілікті басқару саласының қызметшілері және ересектер

Оқытылу ерекшелігі: күндізгі оқу, қарапайым деңгейдің ұзақтығы – 2,5-3 ай, жалпы сағат саны – 100.

Апталық сағаттың берілуі: аптасына 3 рет, бір сабақ 3 сағаттан(120 минут)

Тыңдаушы білімін бақылау түрі:

1.Лексика-грамматикалық бөлік бойынша:«ҚАЗТЕСТ»жүйесінің деңгейлік тест тапсырмалары;

2.Тыңдалым және оқылым бөлігі бойынша: «ҚАЗТЕСТ»жүйесінің деңгейлік тест тапсырмалары;

3.Жазылым бөлігі бойынша: мазмұндама

4.Айтылым бөлігі бойынша: лексикалық тақырыптар

Бағдарламаның ерекшелігі:

  • материалдың қарапайым деңгейге негізделгені;
  • тақырыптар модульдерге топтастырылып берілген (6 модуль);
  • оқыту материалы дәнекер тілсіз оқытуға негізделген;
  • бағдарлама мазмұны ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТ талаптарына сәйкес келеді.
Лексикалық тақырыптар Грамматикалық минимум Лексикалық минимум Сағ. саны
І Отбасы (14)
1. Отбасылық қарым-қатынастар Таныстыру кезіндегі сөйлеу әдебінің түрлері.Есім сөздерден сын есім жасайтын жұрнақтар: -лы/-лі, -ды/-ді, -ты/ті; -сыз/сіз – көпбалалы. Есімдерден зат есім жасайтын жұрнақтар: -шылық/ -шілік, -лық/-лік, -дық/-дік, -тық/-тік – өзара сүйіспеншілік, өзара түсіністік-түсініспеушілік Көпбалалы

Отбасылы

Бауырлас

Сыйлас адам

Жігіттің үш жұрты

Өз жұрты

Нағашы жұрт

Қайын жұрт

Үй болу

Үйлену

Қыз ұзату

Келін түсіру

Тұрмыс құру

Адами құндылық

Бейімділік

Зейін

Сана

Рухани жақындық

Жан-жақты жетілген

Өнеге

2
2. Менің ата-анам Етістіктен зат есім жасайтын жұрнақтар: -ма/-ме/-ба/-бе/-па/-пе; -ыш/-іш – кеспе, сүзбе, көрме, қуаныш, өкініш, реніш, сүйеніш Парыз

балалық

Борыш

Жақсылық

Тірек

Көз ілмеу

Сүйеніш

Ер жету

Бой жету

Ақыл-кеңес

Жамандық

Қамқорлық

Мақтаныш ету

Қуану

Болашақ

Әлеуметтік жағдай

Бауырмал

Мінндетсімеу

Көзі ашық

Жаппай

2
3 Отбасы бюджеті Есімдерден зат есім жасайтын жұрнақтар: -ақы – еңбекақы, жалақы, жәрдемақы, жолақы, зейнетақы,

кепілақы, көзақы, қаламақы, өсімақы, өтемақы, пәтерақы, сыйақы, тәулікақы, төлемақы, үстемеақы, шәкіртақы

Еңбекақы

Жалақы

Қаламақы

Өсімақы

Төлем

Қаражат

Жәрдемақы

Зейнетақы

Кепілақы

Өтемақы

Пәтерақы

Сыйақы

Тәулікақы

Үстемақы

Шәкіртақы

Көгалдандыру

Үнем қағидалары

Бюджетті жоспарлау

Ақшаны үнемдеу

Ақша жұмсау

Негізгі табыс

Қосымша табыс

Кіріс

Шығын

Табыс көзі

Коммуналдық төлемақы

Көлденең шығын

Жалға алу(жалдау)

2
4 Отбасылық мерекелер Ауыспалы осы шақтың жіктелуі (дайындаламыз, тойлаймыз, атап өтеміз).

Ырықсыз етіс

1.етістік+ыл/-іл/-л

Мысалы: айтылды, берілді, жасалды.

2.түбірде л дыбысы бар етістік +ын/-ін/-н

Мысалы: қаланды, сақталынды, сыйланды

Тойшыл халық

Құдалық

Киіт

Шашу

Тағайындау

Мерейтой

Қоныс той

Жаңа үйге көшу

Дәстүр

Шаңырақ құру

Атап өту

Мерейтой құтты болсын!

Намысын қорғау

Армандау

Ерекшкт ықыласпен

Ат салысу

Ықылас

2
5 Сіздің пәтеріңіздің түсі қандай? Болжалды келер шақ

Болымды түрі: етістік+ар/ер/р+еді+ жіктік жалғауы.

Болымсыз түрі: етістік+ма/ме/ба/бе/па/пе+с+жіктік жалғауы

Қалауы бойынша

Үйлесімді

Әрлеу

Тарылту

Кеңейту

Жан сезімі

Жағымды

Көз жеткізу

Кеңейту

Тарылту

Ынта-жігері

Белсенділік

Сүйену

Қолайлы

Сергітеді

Тамыр соғысы

Шектен тыс

Ширату

Ынталандыру

Үйлесу, үйлесім

Көз тартады

2
6 Сіз қандай жиһазды таңдайсыз? Етістіктен сын есім тудыратын жұрнақ Етістік +малы/мелі/балы/белі/палы/пелі. Ернеулік

Жиектеме

Ашпалы

Шікізат

Мүмкіндігі шектеулі

Айрықша

Әсерін тигізу

Жаппалы

Созылмалы

Жиналмалы

Құрстырмалы

Сүраныс

Жиһаз қаптау

Жиһаз жөндеу

Бөлшек сауда

Жаппай сатылым

2
7 Тыңдалым дағдысын қалыптастыруға арналған жаттығулар 2
ІІ Жеке тұлға және қарым-қатынас (18)
1 Тұлға Ойдың кімнен шыққанын білдіретін қыстырма сөздер: сенің пікіріңше, менің пайымдауымша, оның айтуынша Кеңес одағының батыры

Қазақстанның Халық Қаһарманы

Президент кеңесшісі

Ұлт мақтанышы

Тұңғыш ғарышкер

Өзңндңк көзқарас

Қағида

Сынақшы-ұшқыш

Куә болу

Пысықтап алу

Қазақстанның жер қойнауы

Ғылыми-зерттеу жұмысы

Тәуекелге бел буу

Намыс

Ұлтжандылық

Қастерлі ат

Берік ұстану

Құнды тәжірибе

Ата-баба дәстүрі

Сәйгүлік

Атқұмар

Пір тұтатын адам

2
2 Көшбасшы Ойды жалғастыру, қорытуды білдіретін қыстырма сөздер: сайып келгенде, қысқасы, былайша айтқанда, жалпы алғанда, ендеше, демек, сөйтіп.

Талғаулықты салалас

Жетекші

Қабілетті

Мақсат-мүдде

Саяси қайраткер

Алғырлық

Қажырлылық

Мақсатқа бағыттау

Саяси көшбасшылық

Дін мен діл

Қоғамдық қозғалыс

Халықаралық арена

Айқындалу

Іскерлік белсенділік

Саяси ықпалдастық

Кқреген

Сирек дарындылық

Өмірлік тәжірибе

Тәуекелге бару

Қол жеткізу

Ұстаным

Рухани даму

2
3 Тіл жанашыры Түсіндірмелі салалас: сонша, соншалық, соншама, сондай, мұнша Өзге ұлт өкілдері

Дара жол

Дара тұлға

Төсбелгі

Қоғам қайраткері

Қазақ тілінің өркендеуі

Ұлттық рухани жаңғыру

Елорданың рухани ажары

Ұлттың рухани биігі

Ұлттық сана

Ұлт тағдыры

Ат салысу

2
4 Ұстаз Сөйлем күйінде келетін қыстырма сөздер. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем: да/де/та/те/және/әрі Ұстаз

Шәкірт

Жазушы

Бағыт беру

Ықпал ету

Ізбасар

Даңқ

Абырой

Бас ию

Қарыздар болу

Азаматтық үн

Сан қырлы

Өткір мінезді

Орақ тілді шешен

Көсем

Ұлағатты ұстаз

Қайталанбас тұлға

Туынды

Ізетті жан

Баптау

Рухтандыру

Сенім арту

Аталым

Педагогтар қауымы

Ел тұтқасын ұстаушы

Қазақстанның Еңбек Ері

2
5 Меценат Кезектес салалас: кейде/бірде/біресе

Қорқыныш, қуаныш, аяныш, өкініш т.б білдіретін қыстырма сөздер: несін айтасың, бақытымызға қарай

Қалталы адамдар

Қолдау көрсету

Үлкен жүректі

Демеушілік көрсету

Қайырымдылық істер

Имиджін көтеру

Қайырымдылық қор

Қайырымдылық шара

Қоғамдық жұмыс

Азаматтық парыз

Халық қалаулысы

Үлкен жүректі

Пейілі кең

Ниеті ақ

Жүрегі жомарт

Ізгілік

Лайықты марапат

Еңбегі елену

Абыройы арту

Мұқтаж жандар

Қаржылай көмек

2
6 Іскер әйел бейнесі Қарсылықты салалас: бірақ, алайда, дегенмен, сөйтсе де, онда да, сонда да Саяси арена

Мансап жолы

Басшылық лауазым

Саяси имидж

Мемлекеттік билік

Мемлекеттік хатшы

Мемлекеттік басқару жүйесі

Өмір сүру сапасы

Стилистің көмегі

Үкіметтік емес ұйым

Ірі ұлттық компания

Шығыстың қонақжайлылығы

Отбасының ынтымақтастығы

Гендірлік саясат

Гендірлік теңдік

Кәсіпкерлік

Бала құқығы

Ана мен баланы қорғау

Әлеуметтік қорғау

Әлеуметтанушы

Заманауи саясаткер әйелдер

«Темір әйел» имиджі

Үлес салмағы

2
7 Имидж Ой тәртібін білдіретін қыстырма сөздер: біріншіден, екіншіден, т.б. Имиджді қалыптастыру

Оңтайлы тәсіл

Өркениет

Кенже дамыған

Таланттың ашылуы

Пікір қалыптастыру

Имиджмейкерлердің еңбегі

Қызметтің қолжетімділігі

Атқарушы билік

Жағымды имидж

Тұрақты имидж

Тартымды имидж

Мемлекеттік имидж

Әлемдік қауымдастық

Кенже дамыған

2
8 Аралық бақылау(сөйлеу әрекетінің түрлері) 1.Тыңдалым тесті

2.Лексика грамматикалық тест

3.Оқылым тесті

4.Жазылым бойынша диктант

4
ІІІ Қызығушылық (14)
1 Әлеуметтік желілер Мөлшер үстеуі: сонша, мұнша, соншалық, мұншалық, осыншама, анағұрлым Ағымдағы істер

Желіде отыру

Барынша зиян

Тірлік қалпын өзгерту

Күй талғау

Алаңсыз шұғылдану

Заман талабы

Желіде отыру

Желіге кіру

Желіге тәуелділік

Желі арқылы байланысу

Желіні қалауынша пайдалану

Таптырмайтын құрал

Қызығушылықты тудыру

Мүмкіндік

Рухани дағдарыс

Жауапкершілікті сезіну

Мақсат-мүдде

Пайда

Ой-өрісті дамытады

Ақпарат көзі

Ақпарат алмасу

2
2 Саудаласа білу де өнер Есімшенің анықтауыштық қызметі

Етістік: ыл/іл/л/+ған/ген/қан/кен

Мысалы: жазылған, боялған, анықталған

Дүкендер желісі

Тауарға келісу

Мазалау

Бағытталған

Жеңілдік

Маусымдық жеңілдік

Бастапқы баға

Бөлшек сауда

Көтерме сауда

Арзандатылған тауар

Ыңғайсыз жағдай

Дауыс көтермеу

Тауарға қызығу

Бас тарту

Алдамшы баға

Майда-шүйде

Есепке алу

Саудаласудан ұялмау

Саудаласу өнері

2
3 Шопинг Етістік+екен құрылым

Шарттылық мағынаның берілуі

Етістік+са/се+жіктік жалғауы

Сән әлемі

Әсер ету

Ақша жұмсау

Бұйым

Шыдай алу

Ақтару

Міндетті түрде

Сәннен қалмау

Дүкен аралау

Алаңдау

Іш пысу

Нәзік жандар

Мойынорағыш

Қол жеткізу

Әмбебап дүкен

Соңғы үлгі

Уақыт өткізу

Ақша шашу

Өмір салты

Қажеттілік

Мән беру/мән бермеу

2
4 Сіздің әуестігіңіз қандай? Туынды үстеу тудыратын жұрнақтар: ша/ше

Қал көмекші етістігі

Етістік+ып/іп/п+қал + жіктік жалғауы

Әуесқойлық

Әуестену

Ойша

Талап

Қолдау

Ермек үшін

Тастап кету

Ие болу

Өнерді ұштау

Ішкі табиғи талант

Ұшталған қарындаш

Бірден

Ойдағыдай

2
5 Гүлдер әлемінде Синонимдер – мағынасы жақын сөздер. Өзгешелік – ерекшелік. Әуесқойлық – қызығушылық Гүлге құмарлық

Сырлас

Баптау

Ерекше рең

Үйлесімділік

Гүлге көмкеру

Әсер ету

Есту қабілеті

Иіс сезу

Дәм сезу

Микробты жояды

Үздіксіз

Ашуды басу

Шаңды сіңіру

Қобалжу

Жылауық адам

Өскін

2
6 Сіз білесіз бе? Баста етістігі

Етістік+а/е/й+баста+жіктік жалғау

Кесінді

Ойып жасау

Біртұтас

Қиял

Тәбет ашу

Әдемілеу

Тәбет ашу

Күнделікті дастарқан

Қонаққа тарту

Тамақты сәндеу

Шебер игеру

Біртұтас

Қиял

Әдетке айналу

Сұлулыққа құштарлық

Талабы таудай

Уақыты тапшы

2
7 Бильярд ойнайсыз ба? Деуге болады, деуге болмайды құрылымының қолданылуы Қорғаушы

Доп соғу

Қарсылас

Ермек

Ұлттық апталық

Бірінші орынды иеленді

Барын салу

Күресу

Егде жастағылар

Ермек

Тастаяқтың таралуы үшін

Үш дүркін чемпион

Таң қалдыру

Федерацияға қарасты

2
ІV Заманауи қызмет (18)
1 Заманауи мамандықтар Қуану/шаттану одағайы: Алақай!

Болып табылады күрделі етістігі

Заманауи мамандық

Сұраныс

Тың кәсіп

Ілгері даму

Табысы жоғары жұмыс

Бет әрлеуші

Нарықты зерттеуші

Сайт үшін контент құру

Жобалаушы

Бортсерік

Жоғары мансап

Еңбек нарығы

Тың жаңалық

Тың кәсіп

Қоғамның көзқарасы

Нарықтық экономика

Ілгері дату

ІТ маманы

2
2 Қандай қызмет түрін пайдаланасыз? Ишара одағайлары – адам не хайуанатқа қаратып айтылатын шақыру, жекіру, тыйым салу, бұйыру мақсатында қолданылатын одағай сөздер.

Ау! Уа! Әй! Ей! Кәне! Әуп!Тек!

Банк қызметтері

Оқыту курстары

Мүлікті сақтандыру

Консалтинг қызметі

Интернет-дүкен қызметі

Тасымалдау қызметі

Букмекерлік кеңсе

Риэлтор қызметі

Клинингтік қызмет

Үйірмелер

Супервайзерлер қызметі

2
3 Банк қызметін пайдаланамын Өкіну одағайлары: қап, әттең, әттеген-ай, мәссаған.

Сөйлемдегі баяндауыш формасы

Салымшы

Төлем жүйесі

Серіктес

Банк операциялары

Төлем карталары

Қолма-қол ақша

Валюта айырбастау пункті

Ақша аударымы

Аударым сомасы

Банктен шот ашу

Депозиттік шот ашу

Серіктес

Табысты растаусыз

Несие беру шарты

Несие рәсімдеу

Несие сомасы

\ сыйақы мөлшері

Қаржы сауаттылығы

2
4 Интернет-дүкеннен сауда жасайсыз ба? Ренжу, наразылық, кею (кейістік) мағынасындағы одағай: түу, тәйірі, түге. Сауда түрі

Алаяқ

Онлайн-дүкен

Сатушы кеңесін ала алмау

Элктронды сауда

Интернет дүкеннің кемшіліктері

Тауар сипаттамасы

Тауар құны

Тауарлардың топтамасы

Ғаламтор парақшалары

Халықтың талғамы

Алаяқ

Сақтық шаралары

Мүмкіндіктер

Тауарды тез ала алмау

2
5 Сіз ұлттық киім киесіз бе? Сүйсіну, таңдану одағайлар: шіркін, пай-пай, паһ-паһ, па, оһо, пәлі, беу.

Көр көмекші етістігі

Етістік +ып/іп/п) көр

Отандық дизайнер

Қолжетімді

Әлемдік көрме

Насихаттақолдау мақсатында

Қазақы нақыштағы киім

Сұлу ханшайым

Сәнге айналдыру

Ұлттық құндылық

Ұлы дала стилі

Сыртқы болмысы

Насихаттау

Жаһандану дәуірі

Әшекейленген киім

Еуропалық дизайнерлік киім

2
6 Сіз қайдан тамақтанасыз? Ризашылықты білдіруде, қоштау, қолпаштау, көтермелеу мақсатында қолданылатын одағайлар: Бәрекелді! Жарайсың! Қарқынды өмір ағымы

Қазіргі заман адамы Сауда нүктелері

Тез әзірленетін тамақ

Бағаның тұрақтылығы

Бәсекелес

Холестерин мөлшері

Зат алмасу процесі

Нашарлату

Адам ағзасы

Зиян келтіру

Душар ету

Қауіпі бар

Күрт семіру

Қақталған шұжық

Негізін қалаушы

Ұран

Кең таралған

2
7 Мен отандық өнімдерді таңдаймын Жекіру, тыйым салу, бұйыру мақатында қолданылатын одағай сөздер; сап-сап! Жә! Тек!Тәйт! Отандық өнім

Отандық өнімді тұтыну

Отандық бренд

Отандық кәсіпорын

Баға айырмашылығы

«Қазақстанда жасалған» акциясы

Ішкі нарық

Сыртқы нарық

Сатылымға шығару

Сақталу мерзімі

Жүзеге асыру идеясы

Сүт өндіру шаруашылығы

Жобаның негізігі мақсаты

Әлемдік сапа стандарты

Шикізат

Мемлекеттік қолдау

Жұмыс күші

Халыө тұтынатын тауар

Тұтынушылар сұранысы

2
8 Аралық бақылау

(сөйлеу әрекетінің түрлері)

1.Тыңдалым тесті

2.Лексика грамматикалық тест

3.Оқылым тесті

4.Жазылым бойынша диктант

4
V Денсаулық және туризм (16)
1 Қазақстанның көрікті жерлері Біріккен сөздер: дүниежүзі, құрбақа, сүтқоректі.

Жалқы есіммдердің емлесі

Ел,өзен-көл, тау-тас атаулары

Бас тарту

Әмиян

Аңға шығу

Су айдыны

Арманның орыедалуы

Аяқ астынан

Ұйымдастырушы тарап

Қосымша қаражат жұмсау

Әмиян

Шығынды үнемдеу

Мақтанышпен айтылатын

Жұмысқа құлшыныс

Су айдыны

Аңға шығу

Тау ауасын жұту

Кесене

Бағасына сай

Бірсарынды

Жөн көру

4
2 Сіз демалысыңызды қалай жоспарлайсыз? Арасында, ішінде сөздерінің қолданылуы. Туынды үстеу тудыратын жұрнақтар:

-лай/лей/дай/дей/тай/тей

Жота

Қорық

Жусан

Арша

Мұздық

Селдір

Жоңышқа

Сүтқоректі

Бауырмен жорғалаушы

Қосмекенді

Қоныстану

Түс көру

Жабайы

Қақ ортасы

Ғажап құбылыс

Алаңқай

Даңқын шығару

2
3 Шипажай Секілді/сияқты септеуліктері заттардың айырмашылығын, ұқсастығын көрсетеді. Емдік балшық

Ем қабылдау

Емшара

Жатады

Минералды бұлақ

Кемшілік

Алаңсыз

Шипажайға айналу

Жүйке аурулары

Қайнар

Көміртегі

Оттегі

Қан тамырлары ауруы

Тері аурулары

Зат алмасу жүйесі

2
4 Бассейннің пайдасы Етістік+ға/ге/қа/ке+тура келеді құрылымы. Бұл құрылым болымды және болымсыз формада қолданылады. Сусебер

Сусабын

Көрнекті орын

Түнеу

Қосымша қызмет көрсететін нысан

Жүк тасушы

Кір жуу бөлмесі

Демалысты бұзу

Әсер алу

Түнеу

Артық болмайды

Алдын-ала

Орналасу

Ықпал ету

Көрнекі орын

2
5 Жайлы қонақүй – жақсы демалыстың кепілі Ал көмекші етістігінің қолданылу

Етістік +ып/іп/п+ал жіктік жалғауы

Кері әсер

Ықпал ету

Ортақ нөмір

Есте ұстау

Барынша көп

Түнеу

Нөмірді босату

Нөмірге орналасу

Жұлдызды жүйе

Жүк тасушы

Қалауыңыз бойынша

2
6 Қазақстандық туризм Баяндауыштың жасалу жолы етістіктер арқылы

Зат есімдер арқылы

Сын есімдер арқылы

Әлеует

Тарихи

Алғышарт

Ұлы Жібек Жолы

Насихатталмаған

Табиғи

Емдік балшық

Емдік әсері бар климат

Үңгір

Шоғырланған

Қарастыру

Жолға қою

Әсер етеді

Алғышарт

Іскер серіктестер

2
7 Туристік саяхат Синонимдер: негізгі+басты, белгілі+атақты, халық+жұрт+ел, еріншек+жалқау, Антонимдер: биыл+былтыр Сарқырама

Қызу қанды

еріншек халық

Тынық мұхиты жағалуы

Мұз басу дәуірі

Теңіз жануарлары

Шешім қабылдау

Қиял әлемі

Ажыратылады

Саяхат пен сабақты ұштастыру

Сөзге сараң

Шуылдақ

Күн көру

2
Ресми жазылым (20)
1 Ұсыным Есімшенің анықтауыштық қызметі 1) атын/етін/йтын/йтін формасы

2) ған/ген/қан/кен формасы

Ұсыным

Дарынды

Байсалды

Атаққұмар

Бастамашыл

Атаққұмар

Әділ

Жан-жақты

Кішіпейіл

Көпшіл

Қарапайым

Қайырымды

Құзіретті

Өнегелі

Талап қойғыш

Тиянақты

Тындырымды

Іскер

4
2 Мінездеме Даталардың жазылуы: ресми іс жүргізу мәтініндегі жыл және жылдар сөздері толық жазылады Шығармашыл

Ұжымдағы орны

Көрсеткіштерді өсіру

Жаңаклыққа жаны құштар

Жақсы қасиеттерді бойына жинаған

Ұйымдастырушылық қабілеті

Ауыл шаруашылығын ұйымдастырушы

Көрсеткіштерді өсіру

2
3 Алғысхат Құттықтаухат, алғысхат бірге жазылады Алғысхат

Адам өмірін ұзарту үшін

Алғысхат жолдау

Қызметкерді көтермелеу

Денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру

Қызмет көрсету сапасын арттыру

2
4 Құттықтаухат Бойы сөзінің көмегімен уақыттың берілуі: минут, сағат, күні, тәулік, апта, ай, жыл Құттықтаухат

Табанды

Елеулі

Қызметті абройлы атқару

Елдің өркендеуіне арнау

Қоғамдағы беделді биіктету

Адамдардың тизгінін ұстау

Елдің елеулісі, халқының қалаулысы болу

2
5 Ресми құттықтау Сызықшаның қойылуы: Сөйлемде бастауыш та, баяндауыш та атау септігінің сұрағына жауап берсе, бастауыштан кейін сызықша қойылады. Дербес мемлекет

Еңселі ел

Татулықтың іргетасы

Келешегі кемел

Мерейі үстем болсын!

Сенім арту

Елдің дамуы

Елдің көркеюі

Мәдениет ошақтары

Күрделі жөндеу

4
6 Хабарландыру Хабарландыруда сөйлемнің баяндауышы етістіктің ауыспалы келер шағы формасында қолданылады.

Етістік +а/е/й+жіктік жалғауы

Хабарландыру

Жарнама

Ұйым

Күн тәртібі

Қала тұрғындары

2
7 Аралық бақылау

(сөйлеу әрекетінің түрлері)

1.Тыңдалым тесті

2.Лексика грамматикалық тест

3.Оқылым тесті

4.Жазылым бойынша диктант

4

Орта(В1) деңгейінің емтихан материалдары (лексикалық тақырыптар)

1.Отбасылық қатынастар

2.Отбасы бюджеті

3.Отбасылық мерекелер

4.Адам тұлға болып қалай қалыптасады?

5.Ресми құттықтау

6. Тіл жанашыры

7. Бассейннің пайдасы

8.Меценат ұғымын қалай түсінесіз?

9.Сіздің ұғымыңыздағы іскер адам кім?

10.Имиджді қалай қалыптастыруға болады?

11.Әлеуметтік желілер

12. Саудаласа білу – өнер

13.Шопинг

14.Сіздің әуестігіңіз қандай?

15.Сіз демалысыңызды қалай жоспарлайсыз?

16.Сіз ұлттық киім киесіз бе?

17.Заманауи мамандықтар

18.Мен отандық өнімдерді таңдаймын

19.Қазақстанның көрікті жерлері

20.Интернет-дүкеннен сауда жасайсыз ба?

Орта (В1) деңгейінің емтихан материалдары (қорытынды мазмұндама)

Иппотерапия туралы

Атақты Гиппократ қоршаған ортаның адамға әсерін байқап: «Ат үстінде жүру – тек қана жаралы адамды ғана жазып қоймайды, адамның көңілін сергітіп, жақсы ойлар ойлауға жәрдемдеседі», – депті. Жалпы, жылқы жануарының температурасы адамнан екі градусқа артық, сондықтан оның пайдасы бар. Мүгедек бала өздігімен аяғын баса алмайды, оны атқа отырғызғанда, өз аяғымен жүріп бара жатқандай психоэмоционалдық әсер алады. Жылқы жүрісінің тербелісі баланың тірек-қозғалыс жүйесіне әсер етеді.

Иппотерапияның дамуына ат спортшысы дат қызы Лиз Хартел себеп болған екен. Полимиелитпен ауырған Лиз Хартел біртіндеп сал ауруына ұшырай бастады. Ол спорттағы мансапты енді мүлдем ұмытатын шығармын деп ойлады. Бірақ, бірде мүгедек арбасында отырған Лизді ипподромға әкелген кезде, ол қайтадан аттың үстіне отырып, аздап онымен серуендеуге талпынды. Мұнысы сәтті шықты. Бір аптадан соң ол атқорадан қайта көрінді, содан соң қайта-қайта осы жерден табылды. Осылайша 9 жылдан кейінспортшы қыз өз әрекетінің нәтижесін көрді. Дәрігерлердің оптимистік болжамдары былай болды: жүре алады, бірақ, екі таяқтың көмегімен.Ат спортшысы Лиз Хартел 1952 жылы Хельсинкидегі Олимпиялық ойындарда салт жүруден күміс медальға ие болды. Жігері мықты дат қызы журналистер мен дәрігерлердің көзіне түсті. Ол арбаға таңылған мүгедек адамдарға үлгі болды. Осыдан соң Еуропада, АҚШ-та иппотерапия орталықтары құрыла бастады.

Тибет медицинасында жылқыны түсінде көру де – шипа болып есептеледі. Түсінде адам құлындары ортасында жүрген жылқыны көрсе – ауруынан тез айығады. Атқа мініп жүрсе – өмірі ұзақ болады деп болжаған. Ал, І дүниежүзілік соғыс кезінде ағылшын дәрігерлерінің жаралыларды атқа мінгізіп, жарақатын жазып-емдегендері жөнінде де дерек мол.

(227 сөз)

Қарапайым (А1) деңгейінің емтихан материалдары (қорытынды диктант)

Раушан гүлінің тарихы

Раушан – гүлдердің патшайымы. Жалынды махаббат пен тәжім етудің, сүйкімділіктің нышаны. Раушан ерте замандардан-ақ ең сәнді өсімдік саналып келген. Аталған гүлдің әдемілігі жағынан да, түсінің байлығы жағынан да, мұрныңызды жарардай хош исі тұрғысынан да теңдесі жоқ.

Ежелгі Иран халқында осы гүлдің көркемдігі туралы жүздеген томды кітаптар жазылған. Еңбектегі Иран халқының ақындарының айтуынша, раушан Тәңірдің тарту еткен сыйы екен. Раушан гүлінің тарихы тым тереңде. Жер бетінде адамзат баласы пайда болмай тұрғанда басталыпты. Оған көптеген ғалымдардың еңбектері дәлел болады бола алады. Раушан туралы қолжазбалардағы ең көне деректер Тигр мен Ефрат өзендерінің арасында орналасқан Ура қаласынан табылған. Конфуцийдің еңбектеріне сүйенер болсақ, ежелгі Қытайдың патшалық кітапханасында раушан туралы 600 кітап болған екен. Сол кездің өзінде қытайлықтар раушан майын дайындау тәсілін жетік білген. Теофраст деген ғалым раушан гүлінің жабайы және бақта өсетін түрлерін ажыратып берген. Ал, көненің көзі саналатын Алтай қорғандарынан раушандар бейнеленген күміс тиындар табылған.

Қазіргі уақытта әртүрлі елдердің селекционерлерінің арқасында раушанның шамамен 25 000 сұрпы алынған. Раушанды сұрыптауды жүргізіп отырған алпауыт мемлекеттердің басында Франция, АҚШ және Англия тұр. Раушан гүлдері ақ, алқызыл, сары тіпті қара және көгілдір түсті болып келеді. Раушандардың ең сирек кездесетін түрі – меруерт раушандар. Мұндай гүлдер Румынияның Клуж қаласындағы «Напока» ботаникалық бағында өсіріледі. Бұл таңғажайып раушандар инеліктің қанатын еске түсіреді. Бұл аз десеңіз, соңғы уақытта мұңды кейіптейтін қара раушандар дүниеге келген. (210 сөз)

Күлкі адам өмірін ұзартады

Күнделікті өмірде күле отырып, сол күлкі арқылы денсаулығымыз жақсарып, тіпті өміріміздің де ұзаратынын білмейміз. Біз күлкі тек адам көңіл-күйін білдіреді деп ойлаймыз. Дұрысында, күлкі – бәрімізге ем. Сырқаттардың мінез-құлқы мен көңіл-күйін зерттеген ғалымдар мен дәрігерлер де күлкінің адам денсаулығына пайдалы екенін анықтап отыр. Күлген кезде, ең алдымен, адамның беті демалады. Арнайы тәжірибе жасаған ғалымдар күлкі адам миының сол жақ жартысының жұмысын жақсартады деген қорытынды жасайды. Күлген кездегі биохимиялық процестер адамдарды түрлі стреске түсіретін гормондардың пайда болуына жол бермейді екен. Мамандардың айтуынша, ауырып отырып күлген кезде жеңілдеп қаласың. Күлгенде қанда эпдорфин пайда болып, ауырған жерің басылады. Эпдорфин бірнеше аурудан емделуге көмектеседі.

Бес минуттық күлкі қырық минуттық жақсы демалыспен тең. Күлкінің пайдасын зерттеген югослав ғалымдары осындай қорытындыға келіпті. Шын күлкі аурудың алдын алуға көмектеседі. Ал психолог ғалымдардың айтуы бойынша, күлкі адамның өмірін ұзартады және жүрек ауруынан емдейді. Яғни өмірде көп күлетін адамдарға қарағанда мүлдем күлмейтін адамдар жүрек ауруымен көп ауыратыны анықталған.

Адамдардың жас кезіндегі әдемілігі де осы күлкінің әсері екен. Күлкісі әдемі адамның ішкі жан дүниесі де әрқашан әдемі болады. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, үлкен адамдар сирек күледі. Неге? Себебі өскен сайын адамның проблемалары да көбейеді. Күлкі – адам үшін өте қажет, күлкісіз өмір сүру мүмкін емес. Сондықтан әр адам күлкі арқылы өзінің де өмірін ұзарта алады. Әрқашан күліп жүру пайдалы екенін ұмытпайық! (208 сөз)

Ароматерапия

Ароматерапия – тыныс жолдары арқылы ағзаға, теріге енетін табиғи эфир майларын қолдана отырып емдеу әдісі. Адамзат табиғи эфир майларының айрықша әсерімен, олардың емдік және тазартқыштық қасиетімен ертеден таныс болған. Шығыс елдерінде хош иісті пайдаланудың өз дәстүрі қалыптасты. Үндістанда хош иістер көңіліңді көтереді және ақылды бағыттайды деп санады. Құрылыс материалына құпия рецепт бойынша эфир майларын қосты. Бұл ғимараттағы ауаны тазартуға ықпал етумен қатар, тыныштыққа, ойлауға жақсы әсерін берді.

Эфир майлары тарихына үңілсек, ол байлықтың бейнесі болды және бағалы сыйлықтар ретінде қабылданды. Адамзат оның қасиеттерімен және қайталанбас хош иісімен 6000 жылдан бері таныс. Ароматерапия өнерін жан мен тәннің жарасымдылығын қалпына келтіруге пайдаланды. Көне Египет ароматерапияны пайдалану мен дамытудағы ұлы өркениет болды. Хош иіс египеттіктердің күнделікті өмірінде кең қолданыс тапты. Оны үйде ауаны тазарту, дене терісін күту, хош иіс ваннасын даярлау, жайманы хош иістендіру үшін пайдаланды, сондай-ақ тамақ пен шарапқа қосты. Гиппократ көптеген ауруларды емдеген кезде өз емделушілеріне күн сайын хош иіс ванналарын қабылдауға және осы майлармен сылап-сипауға кеңес берді. Тек тұрмыста ғана емес, медицинада да эфир майлары қолданылды.

Қазіргі уақытта ароматерапия өнері бүкіл әлемге тарады. Ароматерапия – бұл көптеген аурулардың алдын алу мен емдеудің тамаша ғылыми әдісі. Әрине, ароматерапия классикалық медицинадағы дәрі-дәрмек құралдарының орнын толық айырбастай алмайды. Алайда, дәрі-дәрмек құралдарын қолдануды жоққа шығармай, бірқатар емшараларда, емдеуде өсімдіктердің биологиялық белсенді заттарын да қолдануға болады. Эфир майларын пайдалану ауруды жеңуге, денсаулықты нығайтуға және барлық қатынаста оны пайдалануға мүмкіндік береді.

(223 сөз)

Заманымыздың заңғар ғұламасы – академик Әлкей

Әлкей Хақанұлы Марғұлан – қазақ халқының бұрын-соңды өмірден өткен заңғар ғұламаларының бірегейі. ХХ ғасырдың басында Баянауыл өңірінде дүниеге келген. Ол алғашқы кезде Баянауылда, кейін Керекуде оқуда болып, мұғалімдік мамандық алды. Одан соң Семейдегі педагогикалық техникумді 1925 жылы тәмамдап, сол жылы Ленинградтағы Шығыстану институтының филология факультетіне оқуға түсті. Институтта оқып жүріп, ол Ленинград университеті мен Өнер тарихы институтында да дәрістер тыңдады. Институттан кейін Ленинградтағы мемлекеттік материалдық мәдениет тарихы академиясының аспирантурасында оқыды.

Ә.Марғұлан – қазақ халқының этностық тарихын, материалдық және рухани мәдениетін ғылыми тұрғыда өте терең және кең ауқымда зерттеген үлкен ғұлама. Бұған оның түрлі ғылымдар саласынан жете меңгеріп, лингвистика, филология, өнер, тарих, археология және этнография пәндерінен ойына тоқыған қыруар білім, таным қорларының молдығы көмектескендігі сөзсіз. Қырқыншы жылдардың басынан бастап ғалым көне жазба ескерткіштерді және қазақ халқының рухани мәдениетін, фольклорын жан-жақты зерттеумен бірге, қазақ жеріндегі археологиялық ескерткіштер кешенін іздестіру және зерттеу ісін алғашқылардың бірі болып қолға алды. Қазақстан жерінде дамыған көне мәдениеттің әр түрлі жағдайларға байланысты жойылып, орнын құм басқандығы ғылыми тұрғыдан анықталды. Оңтүстік Қазақстандағы Сыр, Талас және Шу өзендерінің бойынан көне қала мәдениетінің іздері ашылды. Отырар, Тараз, Сайрам және Сығанақ қалаларында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізумен бірге, сан алуан әңгімелер, ертегілер мен эпикалық жырлар нұсқаларын жинап, зерттеумен де жіті шұғылданды.

Оның ғылымға сіңірген еңбегін еліміз жоғары бағалады. Ә.Марғұлан Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталды. Оған республиканың Мемлекеттік сыйлығы, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері атағы берілді. (124 сөз)

ОРТА ДЕҢГЕЙ В-1

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР:

1) А-3, А-4, В-5, С-5, С-R-4, С-О-5, D-4, D-5, D-O-4, D-O-5, E-4, E-5, E-R-4, E-R-5, E-G-2, C-TK-4, C-TK-5, C-TKО-6, C-TK-7 санаттарындағы мемлекеттік қызметкерлер;

2) құқық қорғау органдары:

C-FP-8, C-FP-7, C-FPO-8, C-FP-7, C-FPU-9, C-FPU-8, C-FPU-7, C-FPU-6 санаттарындағы құқық қорғау органдары қызметкерлері;

облыс прокуратурасының бөлім бастығы, облыс прокурорының көмекшісі, басқарманың, облыстық прокуратура бөлімінің аға прокуроры, басқарманың, құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті аймақтық органының аға прокуроры, облыстық прокуратура бөлімінің басқарма прокуроры, құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аймақтық бөлім органының басқарма прокуроры;

әртүрлі дәрежедегі (облыстық, аудандық, қалалық) ішкі істер органдарының құрылымдық бөліністері бөлімдерінің бастығы және олардың орынбасарлары, тергеушілері, анықтаушылары, жедел уәкілдері, инспекторлары және аға инспекторлары, бас бухгалтерлері, қоғамдық қауіпсіздіктің, жол полициясының құрылымдық бөліністері бөлімдерінің бастықтары және олардың орынбасарлары, батальондардың командирлері, взводтардың бастықтары, аға инспекторлары, әртүрлі деңгейлердегі уақытша ұстау изоляторларының басшылары және олардың орынбасарлары, қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің құрылымдық бөлімдер басшылары және олардың орынбасарлары, түрлі дәрежедегі тергеу изоляторларының аға бақылаушылары, сондай-ақ ішкі істер органдарының қызметі талдау жасап, қорытындылап, жоспар құруға, әртүрлі дәрежедегі есептер әзірлеуге, құжат айналымына қатысты шешім қабылдау арқылы басқарумен байланысты барлық қызметкерлер;

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің барлық құрылымдық бөлімшелері, аумақтық органдары мен ведомствоаралық бағынысты ұйымдардың (комитет, департамент, мемлекеттік мекеме, штаб, республикалық мемлекеттік кәсіпорны) түрлі дәрежедегі (облыстық, аудандық, қалалық, ауылдық) басшылары және олардың орынбасарлары, бас бухгалтерлері, түрлі дәрежедегі өрт сөндіру бөлімдерінің аға офицерлік құрамы және жалпы төтенше жағдайлар саласы бойынша талдау жасап, қорытындылап, жоспар құруға, әртүрлі дәрежедегі есептер әзірлеуге, құжат айналымына қатысты шешім қабылдау арқылы басқарумен байланысты барлық қызметкерлер.

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕР:

1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің және басқа әскерлер мен әскери құрылымдардың аға офицерлік құрамы:

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Штабтар басшылықтары, Комитет департаменттері, бас басқармалардың, басқармалардың, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің түрлері мен тектерінің бас қолбасшылықтарының, өңірлік қолбасшылықтардың, Қорғаныс министрлігіне бағынысты барлық мемлекеттік мекемелердің, Қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің (басқармалар, бөлімдер), жоғары әскери оқу орындарының аға офицерлік құрамы мен әскери қызметшілері;

2) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының C-NSA-7, C-NSA-8, C-NSA-9, C-NSB-9, C-NSB-10, C-NSC-8, C-NSC-9, C-NSE-9, C-NSE-10, C-NSE-11, C-NSD-11, C-NSD-12, C-NSA-13, C-NSF-10, C-NSF-11, C-NSG-11, C-NSG-12, C-NSG-13, C-NSG-14, C-NSG-15, C-NSG-16, C-NSG-17, C-NSG-18 санаттарындағы әскери қызметшілері;

3) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының командирлері және олардың орынбасарлары, басқарма офицерлері мен қызмет бастықтары (полк және батальон), полк сержанты және қызметі жоспар құруға, талдау жасап, қорытындылап, әртүрлі дәрежедегі есептер әзірлеуге, құжат айналымын жүргізу мен шешім қабылдауға байланысты әскери қызметшілер;

4) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі әскери бөлімдерінің аға офицерлік құрамы.

АЗАМАТТЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР:

1) G-8, G-9, G-10 санаттарындағы азаматтық қызметкерлер және азаматтық сала бойынша қызметі талдау жасап, қорытындылап, шешім қабылдау арқылы басқарумен байланысты барлық қызметкерлер:

колледждердің, жоғарғы оқу орындарының орыс тілінде дәріс беретін оқытушылары, қазақ тілді орта мектеп мұғалімдері, оқу және тәрбие бөлімінің меңгерушілері, барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарының кітапхана, мұрағат, зертхана, кеңсе меңгерушілері және олардың орынбасарлары, бас бухгалтерлері, оқу бөлімінің, кадр бөлімінің басшылары, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының инспекторлары, аға инспекторлары, балалар, сәбилер үйінің, интернаттар, балабақша (балалар яслилерінің), мектептен тыс мекемелерінің меңгерушілері;

денсаулық сақтау, медицина, фармацевтика, санитарлық-эпидемиялогия, денсаулық сақтау саласындағы барлық құрылымдық бөлімдерінің бөлім меңгерушілері, дәрігерлері, сарапшы дәрігерлері, түрлі дәрежедегі емхана, аурухана, зертхана, медициналық орталық, медициналық пунктердің барлық деңгейдегі терапиялық дәрігерлері, бөлім меңгерушілері, барлық деңгейдегі жедел жәрдемдердің дәрігерлері, қарттарға арналған интернат-үйлерінде (жалпы типтегі), соғыс және еңбек ардагерлеріне арналған мекемелерде жұмыс істейтін бөлім меңгерушілері, барлық деңгейдегі терапиялық дәрігерлері, хирургия, педиатрия, акушерия-гинекология, стоматология, медициналық-профилактикалық (санитариялық-гигиеналық) дәрігерлер, дәрігерге қаралушы немесе емделушімен тікелей қарым қатынаста жұмыс жүргізетін эндоскопия, ультра дыбыстық, арнайы диагностикалық құрылғымен зерттеу дәрігерлері, клиникалық зертханалық диагностика орталықтарының дәрігерлері, жалпы клиникалық зерттеулер клиникалық биохимия, гематология, коагулогия, цитология, генетика, молекулалық биология, бактериология, иммунология, изосерология, вирусология, микрология, паразитология, токсикология мамандары; медициналық қызмет сапасын, әскери медициналық, сот-медициналық, сот-психиатриялық, сот-наркологиялық сарапшы-дәрігерлер;

мемлекеттік республикалық, облыстық, қалалық, аудандық театр, мұражай, кинотеатр, театралдық-концерттік ұйымдардың режиссерлері, продюсерлері, кинорежиссерлері, музыкалық жетекшілері, қоюшы-операторлары; ана тілі мемлекеттік тіл болып саналатын барлық әртістер, актерлер, әншілер, музыканттар, музыкатанушылар, өнертанушылар, копозиторлар;

ақпарат және байланыс, пошта, телебайланыс саласы бойынша құрылымдық бөлім және бөлімше жетекшілері, теле-радио таратылым және байланыстың ақпаратты жинақтаушылары, менеджерлері, бұқаралық ақпараттар құралдарының ақпаратты жинақтаушылары, терушілері, баспа өнімдерін өндеушілері, түрлі дәрежедегі (қалалық, облыстық, аудандық) халыққа қызмет көрсету орталықтарының құрылымдық бөлім және бөлімше жетекшілері;

түрлі вокзалдар мен арнайы тұрақтар, әуежайлар, порттардың меңгерушілері, бас инженерлер, экипаж капитандары; халықаралық және туристік тасымалдау дирекциясының, жолаушыларға қызмет ету жөніндегі дирекцияның, билет кассасы (сапаржай, темір жол және автовокзал, қалалық билет кассалары), камералық сақтау орындарының, қалалық көлік маршрутының, көліктегі, байланыстағы орталық, бөлімше, қызмет, ауысым, станса меңгерушілері, көліктік бақылау комитетінің құрылымдық бөлімше басшылары және олардың орынбасарлары;

Ұлттық олимпиада комитетінің, спорт федерацияларының, спорт мектептерінің, олимпиадалық даярлау орталықтарының, спорттық көрініс мекемелерінің, стадиондар мен спорт сарайларының, құрылымдық бөлімше басшылары және олардың орынбасарлары, бас бапкерлері, спорт үйірмелерінің (секцияларының) басшылары және олардың орынбасарлары;

біліктілігі орташа деңгейдегі мамандар: агрономдар, ветеринарлық фельдшерлер, зоотехниктер, геодезистер, инспекторлар және технологтар;

энергетика және атом саласы бойынша кіші электростанса, кіші атомдық электростанса бөлімдерінің басшылары және олардың орынбасарлары, минералды ресурстар саласы бойынша шахта, цех басшылары, бас инженерлері, тау-кен өндірісінің шеберлері, геохимик, геофизик, гидролог, кендердің және кен бөліктерінің басшылары.

ӨЗГЕ ДЕ САЛАЛАР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ:

1) Акциялары отыз бес және одан да көп пайызы (қатысу үлесі) мемлекеттік болып саналатын мемлекеттік холдингдардың, ұлттық компаниялардың, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің ішкі құрылымдық бөлім бастықтары және олардың орынбасарлары, пойыз құрамының бастығы және олардың орынбасарлары және қызметі жоспар құруға, талдау жасап, қорытындылап, әртүрлі дәрежедегі есептер әзірлеуге, құжат айналымын жүргізу мен шешім қабылдауға байланысты қызметкерлері;

2) барлық дәрежедегі банктер мен олардың филиалдарының, қор биржаларының, аудиторлық және сақтандыру компанияларының құрылымдық бөлім басшылары, басқарма жетекшілері және олардың орынбасарлары, бас бухгалтерлері, экономистері, маркетологтары, аукционшылары, бағалаушылары, сақтандыру агенттері, сату агенттері, менеджерлері;

3) Қазақстан туристік ассоциациясының менеджерлері, орта санатты гидтері мен гид аудармашылары;

4) қонақ үйлер мен мейрамханалардың Қазақстандық ассоциациясының құрылымдық бөлім жетекшілері, супервайзерлері, маркетологтары, бас бухгалтерлері;

5) сауда орындарының директорлары және олардың орыбасарлары;

6) білім және ғылым саласындағы жоғары оқу орындарында білім алу мақсатымен келген шетел азаматтары;

7) халыққа қызмет көрсетумен байланысты жекеменшік кәсіп субъектілерінің барлық ішкі құрылымдық бөлім, басқарма жетекшілері және олардың орынбасарларына мемлекеттік тілді орта деңгейде меңгеру ұсынылады.