БЕКІТЕМІН

«Теміртау қаласының

тілдерді дамыту орталығы»

КММ-нің басшысы

_____________ М.Ахметжанова

«___»___________ 2017 жыл

2017 ж. ІІ кезеніңде окытылатын ағылшын тілінен

оқыту бағдарламасы

Деңгей: А1 Қарапайым

Оқытушы: Ыбрай Д.Ж.

ТҮСІНІК ХАТ

І. Бағдарламаны құрастырғанТеміртау қаласының тілдерді дамыту орталығының оқытушысы:

Ыбрай Дана Жасулановна-оқытушы

ІІ Бағдарламаның атауы:

«Мемлекеттік және жергілікті басқару саласындағы мемлекеттік қызметшілер мен азаматтық қызметшілерге арналған ағылшын тілін оқыту бағдарламасы» Қарапайым деңгей.

ІІІ. Бағдарлама бірінші рет ұсынылып отыр.

IV. Оқыту бағдарламасы қызметшілерді оқытуда төмендегі оқу­-әдістемелік материалына сүйенді:

  1. New Headway Elementary Student’s Book, Liz and John Soars, Oxford, 2011, 159 pages.
  2. New Headway Elementary Work Book, Liz and John Soars, Oxford, 2011, 95 pages.
  3. New Headway Elementary iTutor video, audio materials.
  4. New English File Elementary, Clive Oxenden, Christina Latham-Koenig, Paul Seligson,Oxford, 2004, 159 pages.

V. Аталған бағдарламаның сабақтары практикалық және тренинг түрінде жүргізіледі.

Курстың мақсаты:

Мемлекеттік және жергілікті басқару саласындағы мемлекеттік қызметшілермен азаматтық қызметшілерді ағылшын тілінде ресми тілдесімжәне жазылым нормаларын меңгерту; әлеуметтік-тұрмыстық саладағы коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру.

Міндеттері:

  • ағылшын тілінде ресми қарым-қатынас жасауға дағдыландыру;
  • ағылшын тілінде сөйлем құрастырудың әдіс-тәсілдерін практикалық жолмен үйрету;
  • сөйлемнің түрлерін жазылым жаттығулары арқылы үйрету;
  • сөздіктерді (аударма, түсіндірме) дұрыс пайдаланып, сауатты жазуға машықтандыру.

.

Оқытылатын контингент:

Теміртау қаласының мемлекеттік және жергілікті басқару саласының қызметшілері мен азаматтық қызметшілері.

Оқытылу мерзімі:күндізгі оқу, аптасына 3 күн, 9сағат. Әр деңгейдің ұзақтығы – 3 ай.

Курстың өзектілігі:

  • іскери салада коммуникативтік құзыреттілігі дамыған мемлекеттік қызметші тұлғасын қалыптастыру.

Бағдарламаның ерекшелігі:

  • материалдың қарапайым деңгейге негізделуі;
  • деңгейдің 120 сағатқа негізделуі;
  • соның ішінде 18 сағат бейне-сабаққа негізделуі;
  • тақырыптардың жүйеленіп, қарапайымнан күрделіге қарай берілуі;
  • сөйлеушінің ауызекі сөйлеу тілін дамыту мүмкіндігіне мән берілуі;
  • коммуникативтік жаттығулардың көп қолданылуы;
  • тарихымыздың ғұлама адамдарына мән берілуі;

Күтілетін нәтижелер:

Қарапайым деңгей материалын меңгерген тыңдаушылардан күтілетін нәтиже:

– сөздерді қарапайым тілдесу және қажеттілікті шешу үшін қолдана алуы;

– тірек сөздер арқылы 5-10 сөйлемнен тұратын эссе жазу;

– 100 сөзден тұратын мәтіндерді түсініп оқу;

– 10 сұрақ және 10 жауап көлемінде сұрақ қоюды және жауап беруді үйрену;

– қарапайым сөйлемдерді түсіну, ойын жеткізе білу (5-10 сөйлеммен);

– отбасы туралы, тұрмыс-салт, күнтәртібі, демалыс уақыты, өзінің сүйікті заттары, мамандықтар, саяхат туралы әңгімелеу;

– ас мәзірін даярлау және дәмханада тапсырыс бере білу.

Тыңдалым бойынша:

Тіл қолданушы таныс емес шағын сұхбат немесе мәтін түрінде берілген материалды тыңдап, қарапайым нұсқауларды орындау арқылы мәтіннің негізгі идеясын түсінуге үйренеді.

Оқылым бойынша:

Тіл қолданушы қысқа қарапайым мәтіндерді, сұхбаттарды, ашық хаттарды, сөздер және жай сөйлемдерді оқи алады.

Оқылым бөліміндегі мәтін мен қарапайым сұхбат көлемі, оның құрамындағы таныс емес сөздердің көлемі тақырыптың күрделенуіне қарай ұлғаюы тіл қолданушыны таныс емес лексиканы дұрыс қолдануға және базалық деңгейдегі көлемі үлкен мәтіндерді оқи білуге бейімдейді.

Жазылым бойынша:

Тіл қолданушы өзінің қайда тұратыны, күн тәртібі, демалысы және өзінің туған қаласы туралы жай сөйлемдер мен фразалар жаза алады.

Айтылым бойынша:

Тіл қолданушы:

– өзіне таныс тақырыптар жөнінде қысқа сұрақтар қойып, сол сұрақтарға жауап бере алады;

– өзінің мекенжайы, қызметі, отбасы, туған қаласы, пәтері туралы сипаттай алады;

– сұхбат кезінде өзінің өмірі туралы нақты және жай айтылған қарапайым сұрақтарға жауап бере алады;

– өзінің киім кию мәдениеті туралы сипаттап бере алады.

Мемлекеттік қызметшілерді оқыту үдерісінде қолданылатын ұстанымдар:

  • коммуникативтік бағыттағы ұстаным;
  • көрнекілік ұстанымы;
  • шығармашылық ой және сөйлеу әрекетін белсендіру ұстанымы;
  • ағылшын тілін жеделдете оқыту ұстанымы;
  • деңгейлеп оқыту ұстанымы.

Тыңдаушыларға берілетін өздік жұмыс түрлері

Қарапайым деңгей:

  • жазбаша жұмыс;
  • мәтінді оқып, түсінгенін мазмұндау;
  • тыңдалымға арналған тапсырмалар орындау;
  • тақырып бойынша сұхбат түрлері.

Курс соңында тыңдаушылардың білімін бақылау жолдары:

Аралық бақылау – бағдарламадағы 1-3, 4-6, 7-10, 11-13 тараулардан кейін лексика-грамматикалық тест түрінде жүргізіледі.

Қорытынды бақылау – тіл үйренудің барлық аспектілерін (тыңдалым, оқылым, тілдесім)жәнелексика-грамматикалық тестіні қамтиды.Төменде көпбалдық жүйемен бағалау және оның критерийлері келтірілген.

Әріптік бағалау Пайыздық құрам Дәстүрлі әдіспен бағалау
A 95-100 Жоғары
A- 90-94
B+ 85-89 Ортадан жоғары
B 80-84
B- 75-79
C+ 70-74 Орта
C 65-69
C- 60-64
D+ 55-59
D 50-54
F 0-49 Төмен

Тыңдаушылардың білімін бағалау критерийлері

«А», «А-» («жоғары»)–егер тіл үйренуші барлық материалды терең меңгерсе, тапсырма түрінің өзгеруіне қарамай материалды жүйелі, сауатты түрде және еркін қолдана білсе, өздік жұмысты орындауға қажет жан-жақты дағдыларды меңгерген болса, тапсырмаларды қатесіз, өз бетімен және сауатты орындаса;

«В+», «В», «В-» («ортадан жоғары»)– егер тіл үйренуші бағдарлама материалын нақты меңгерсе, сұраққа жауап қайтаруда күрделі қате жібермесе, өздік жұмысты орындауға қажет негізгі дағдыларды меңгерсе;

«С+», «С», «С-», «D+», «D» («орта»)– егер тіл үйренуші тек негізгі материалды меңгерсе, тапсырма орындау барысында қате жіберсе, бағдарлама материалын қолдануда жүйесіздік көрсетсе;

«F» («төмен») – егер тіл үйренуші бағдарлама материалының көлемді мазмұнын меңгермесе, күрделі қателер жіберсе, сұраққа жүйелі, толық жауап бере алмаса, тапсырмаларды орындау барысында күрделі қателер жіберсе;

Қорытынды бақылау (емтихан) тапсырмалары төменде көрсетілген балдық жүйе бойынша бағаланады.

Лексика-грамматикалық тест Тыңдалым Оқылым Тілдесім Жалпы балл саны.
70 балл 10 балл 10 балл 10 балл 100 балл

Лексика-грамматикалық тест, тыңдалым және оқылым 90 сұрақтан тұратын жабық тест түрінде құралған. Әр дұрыс жауап 1 балмен бағаланады. Тілдесім «10» балдық жүйемен бағаланады. Оның «4» – cөйлемнің грамматикалық тұрғыдан дұрыс құрылуына, «3» – лексикалық минимумға, «3» – айтылымға негізделе қойылады.

Қорытынды емтиханда 30-дан төмен ұпай жинаған тыңдаушыға тек «ағылшын тілі курсын (-) сағат тыңдады» деген анықтама беріледі.

І ҚАРАПАЙЫМ ДЕҢГЕЙ

120 сағат

Реті Тарау аттары Сағат саны
1 Сәлемдесу 6
2 Елдер мен қала атаулары 6
3 Отбасы 9
4 Мамандық атаулары 9
5 Ұжым мүшелерінің күн тәртібі 9
6 Менің тұратын жерім 9
7 Жеке адам талғамы 9
8 Тарихтағы ғұлама адамдар өмірі 9
9 Ұмытылмас даталар 9
10 Ас мәзірі. Дәмханада 9
11 Менің қалам 6
12 Мемлекеттік қызметшінің киімі және имиджі 6
13 Саяхат. Көрікті жерлерді аралау 6
14 Аралық тест 12
15 Бейне-сабақ 6

І ҚАРАПАЙЫМ ДЕҢГЕЙ

120 сағат

Мақсаты: тыңдаушыны қарапайым тілдесуге, қажеттілікті шешу үшін түрлі сөйлеу жағдаяттарында өзі сөйлеуге және сауатты жазуға үйрету

Модульдер Тақырыптар Сағат саны Күні/Айы

Топтың аты

1 Сәлемдесу The ABC. Vowels 3
Hello. How are you?
What’s this in English? 3
Plurals. Numbers(1-10)
2 Елдер мен қала атаулары He/ she/ they Cities and countries 3
Where are you from? Numbers (11-30) 3
3 Отбасы Our/their. Possessive’s 3
Family relations 3
Have/has 3
4 Мамандық атаулары Present simple. He/she/it 3
The time 3
Questions and negatives 3
5 Аралық тест Stop and check 1 (TB) 3
6 Ұжым мүшелерінің күн тәртібі Present simple. I/you/they 3
Adverbs of frequency 3
Social expressions 3
7 Менің тұратын жерім There is/There are 3
Demonstrative pronouns 3
Numbers 3
8 Бейне-сабақ A new home 3
9 Жеке адам талғамы Modal verb can/can’t 3
Was/were/could 3
Words that go together 3
10 Тарихтағы ғұлама адамдар өмірі Abay Kunanbaev

Past Simple Regular

3
Time expressions 3
A biography 3
11 Аралық тест Stop and check 2 (TB) 3
12 Ұмытылмас даталар Past Simple Irregular 3
Questions and Negatives 3
Special occasions 3
13 Ас мәзірі. Дәмханада Want and would like 3
Food and drink
How many/How much 3
Going shopping 3
14 Менің Aстанам Adjectives. Degrees of comparison 3
Have got

Writing about your capital

3
15 Бейне-сабақ A city living 3
16 Аралық тест Stop and check 3 (TB) 3
17 Мемлекеттік қызметшінің киімі және имиджі Prepositions of places in/at/on 3
Present Continuous
Appearance and clothes 3
Describing people
18 Саяхат.

Көрікті жерлерді аралау

Going to future

Infinitive of purpose

3
Transport and travel
Present Perfect 3
Going sightseeing
19 Аралық тест Stop and check 4 (TB, 139) 3

Үлестірмелі дидактикалық материалдармен қамтамасыз етілуі

  1. New Headway Elementary Student’s Book, Liz and John Soars, Oxford, 2011, 159 pages.
  2. New Headway Elementary Work Book, Liz and John Soars, Oxford, 2011, 95 pages.
  3. New Headway Elementary iTutor video, audio materials.
  4. New English File Elementary, Clive Oxenden, Christina Latham-Koenig, Paul Seligson, Oxford, 2004, 159 pages.
  5. Интернеттен алынған материал Basic English grammar, Betty Schrampfer, Stacy Hager, teacher resource disc, Power Point presentation.