«ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫ» ММ «РЕСУРСТЫҚ ТІЛ ОРТАЛЫҒЫ» КММ

ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ БАЗАЛЫҚ ДЕҢГЕЙГЕ (А2) АРНАЛҒАН

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ (SYLLABUS)

Қазақ тілін оқытудың Базалық деңгейге (А2) арналған

жұмыс бағдарламасын (syllabus) әзірлеген:

Жақанова Жұпар Рысқұлқызы – бөлім меңгерушісі, п.ғ.м.

Смыкова Әсия Даниярқызы – әдіскер

Мемлекеттік және жергілікті басқару саласындағы мемлекеттік қызметшілерге, ересектерге арналған қазақ тілін оқыту бағдарламасы. Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Базалық (А2)

Бағдарлама (syllabus) бірінші рет ұсынылып отыр

«Ресурстық тіл орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

Латын графикасына көшу бойынша оқыту және әдістемелік жұмыс бөлімі

(Құрылтайшы мекемежазылады. Не әкімдік, болмаса тілдерді дамыту бөлімі)

«Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» ММ-мен келісілген

Басқарма басшысы ___________ _________________________ «___»____2019ж.

(қолы) (А.Ж.Ә.)

Оқыту орталығының директоры бекітеді.

«Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ресурстық тіл орталығы» КММ-мен келісілген

Орталық директоры ___________ _________________________ «___»____ 2019 ж.

(қолы) (А.Ж.Ә.)

КУРСТЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ

Курсты жүргізу барысында арнайы мақсаттар қойылып, оларға қол жеткізу үшін орындалуы тиіс нақты міндеттер белгіленеді.

Мақсаты:

Мемлекеттік және жергілікті басқару саласындағы мемлекеттік қызметшілер мен ересектерүшін қазақ тілін оқудағы негізгі мақсат тіл үйренушіге қазақ тілін оқытудың бес деңгейлік жүйесінің ішкі сатыларымен төменнен жоғарыға қарай көтере отырып, әлеуметтік коммуникативтік міндеттерді әртүрлі тұрмыстық, мәдени, кәсіби және ғылыми қызмет қатысымындағы коммуникативтік құзыреттілікті қажетті деңгейде меңгерту болып табылады.

Міндеттері:

  • тіл үйренушінің өз бетінше білім алу қабілетін дамыту;
  • танымдық, зерттеу біліктілігін қалыптастыру;
  • ақпараттық мәдениетін дамыту;
  • сөйлеу әдебі түрлерін меңгерту;
  • қазақ тілінде сөйлем құрастырудың әдіс-тәсілдерін практикалық жолмен үйрету;
  • сөйлеу әрекеттерінің түрлері арқылы ауызша және жазбаша тілдік мәдениетін қалыптастыру.

Тіл үйренуші қазақ тілін меңгеру барысында мынадай біліктерге қол жеткізуі тиіс:

Тыңдалым бойынша:

Тіл қолданушы:

  • күнделікті тұрмыстық жағдайларда (отбасы, жұмыс, көлік, т.б.) жағдайларда анық, жай айтылған ақпаратты түсіне алады;
  • өзіне қарата айтылған қарапайым өтініштерді орындай алады;
  • мәтін көлемі – 80-120 сөз, 1 рет тыңдалады.

Оқылым бойынша:

Тіл қолданушы:

  • таныс, нақты, қысқа мәтіндерді түсіне алады;
  • күнделікті қажетті ақпараттарды мәтін ішінен таба алады;
  • күнделікті тілдік қолданыстағы және мамандыққа қатысты қарапайым мәтіндерді оқи алады;
  • қарапайым, қысқа түрде берілген нұсқау, хат-хабар, хабарландыру және кейбір ақпараттарды түсініп оқи алады;
  • мәтін көлемі – 100-150 сөз.

Жазылым бойынша:

Тіл қолданушы:

  • күнделікті өмір туралы, жұмысы, оқуы және жақсы білетін адамдары туралы бірнеше сөйлем құрай алады;
  • бұл деңгейде ұсынылатын мәтін көлемі – 100-150 сөз;
  • мәтіндердегі сөйлемдердің көлемі – 12-20 сөйлем.

Айтылым бойынша:

Тіл қолданушы:

  • таныс тақырыптар бойынша қысқа баяндама жасай алады;
  • таныс тақырыптар бойынша сұхбаттасып, қатысымға түсе алады;
  • қарапайым нұсқау айтып, кеңес бере алады;
  • тұрмыстық деңгейде ақпарат алмаса алады;
  • мәтін көлемі – 100-150 сөз.

Базалық деңгейден күтілетін нәтижелер:

Тіл қолданушы:

  • тұрмыстық, жалпы мәдени салаларда базалық коммуникативтік қажеттіліктерді қанағаттандыра алады;
  • өмірдің негізгі салаларымен байланысты бөлек сөйлемдер мен жиі пайдаланатын сөйлемшелерді түсіне алады (өзі, отбасы мүшелері, жұмысы туралы);
  • таныс немесе тұрмыстық тақырыптар бойынша ақпарат алмаса алады;
  • лексикалық минимум көлемі – 1700-1800 бірлік болады.

Оқыту бағдарламасы мемлекеттік қызметшілерді оқытудың нормативтік-құқықтық базасы

        1. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңы, №151, 11.07.1997ж.;
        2. Қазақстан Республикасында тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
        3. ҚР СТ 1926-2015 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Қарапайым деңгей. Жалпы меңгеру;
        4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Стандартына сәйкес қазақ тілін оқытуға арналған Типтік бағдарлама;
        5. Қазақ тілін қарапайым деңгейде меңгерудің деңгейлік-тақырыптық лексикалық минимумы, 2011.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. «Сарыарқа» оқу-әдістемелік кешенінің қарапайым деңгейге арналған «Тілашар» оқу құралы (VІ-ІХ модульдер);
  2. Қазақ тілін оқытуға арналған типтік оқу-әдістемелік кешен. Қазақ тілі. Базалық деңгей. Астана 2012;
  3. Күзекова З.С. Қазақ тілі. Оқу құралы. Бастапқы кезеңге арналған. Алматы., 2005 ж.
  4. Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы (емле, тыныс белгілері, сөз сазы). Астана: Елорда, 2000
  5. Алдашева А., Сүлейменова Э., Аханова Д.Х, Алдаш Ж.Б. Ресми-іскери тіл: қазақша-орысша тіркесімдер сөздігі. – Алматы, «Издательство «Арман-ПВ»», 2005.

Аталған бағдарламаның сабақтары практикалық және тренинг түрінде жүргізіледі.

Оқытылатын контингент:

Қарағанды облысындағы мемлекеттік және жергілікті басқару саласының қызметшілері және ересектер

Оқытылу ерекшелігі: күндізгі оқу, қарапайым деңгейдің ұзақтығы – 2,5-3 ай, жалпы сағат саны – 100.

Апталық сағаттың берілуі:аптасына 3 рет, бір сабақ 3 сағаттан(120 минут)

Тыңдаушы білімін бақылау түрі:

1.Лексика-грамматикалық бөлік бойынша:«ҚАЗТЕСТ»жүйесінің деңгейлік тест тапсырмалары;

2.Тыңдалым және оқылым бөлігі бойынша: «ҚАЗТЕСТ»жүйесінің деңгейлік тест тапсырмалары;

3.Жазылым бөлігі бойынша: диктант

4.Айтылым бөлігі бойынша: лексикалық тақырыптар

Бағдарламаның ерекшелігі:

  • материалдың орта деңгейге негізделгені;
  • тақырыптар модульдерге топтастырылып берілген (6 модуль);
  • оқыту материалы дәнекер тілсіз оқытуға негізделген;
  • бағдарлама мазмұны ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТ талаптарына сәйкес келеді.
Лексикалық

тақырыптар

Грамматикалық минимум Лексикалық минимум Сағ.

саны

І модуль Танысу (16)
1 Танысу

Жақсы сөз – жарым ырыс

Қаратпаның түрлері. Дыбыс үндестігі. Жуан, жіңішке дауысты дыбыстар

Сұраулы сөйлемнің жасалу жолдары

Сұраулық шылаулар (ба/бе; па/пе; ма/ме) Мысалы: Сенің ұлтың неміс пе?

Сұрау есімдіктері: кім? кімге? қашан? т.б

Есімі

Неміс

Өзбек

Кәріс

Әзірбайжан

Ұйғыр

Дүнген

Қытай

Түрік

Бәрі жақсы болсын!

Аман-сау бол!

2
2 Отбасы мүшелері

Отан отбасынан басталады

Буын үндестігі. Қосымшаның жалғану тәртібі.

Тәуелдік жалғау. Қос сөздер

Меншіктік мағына:

-нікі,-дікі,-тікі формалары.

Бала-шаға

Үй іші

Ағалы-інілі, ағайынды

Апалы-сіңлілі

Ағалы-қарындас

Тұңғыш

Кенже

Бөле

Тәте

Туған

Немере аға (іні)

Немере апа (сіңлі)

2
3 Менің мамандығым

Білімді мыңды жығады,

Білікті бірді жығады

Жіктік жалғау.

Жедел өткен шақтың болымды, болымсыз түрініңжіктелуі.

(… университетін бітірдім, …бітірмедім, … бітірген жоқпын). Шығыс септік: іс-қимылдың басталу мерзімі (Биылдан бастап қазақ тілін үйреніп жүрмін. Былтырдан бері осы бөлімде жұмыс істеп жүрмін). Хабарлы сөйлем, оның жасалу жолы.

Жұмысшы

Балықшы

Ғарышкер

Зауыт

Кеден

Білім саласы

Сараптама орталығы

Құрылыс компаниясы

Медицина саласы

Қаржы саласы

Сауда саласы

Байланыс саласы

Мәдениет саласы

Ақпарат ұсыну

Таңдау

Атқару

Аяқтау

Алғыр

Қабілетті

2
4 Лауазымдық міндеттерім

Өмір үйретеді, еңбек ширатады

Тұйық етістік. Бойынша септеулігі. Осы шақ.

Нақ осы шақтың жай және күрделі түрінің жіктелуі.

(етістік +-ып/-іп, -п + жоқ+ЖЖ(қазір жазып отырмын,

БағалауБақылау

БасқаруБолып келеді

Болып саналадыБолып есептеледі

Ерекше Маңызды

Бірнеше Мақтан ету

Уақытында істеуБелсенді

ҰқыптыНақты

Ерекше маңыздыКүрделі

4
5 Менің жұмыс күнім

Ерте тұрған елден озады.

Нақ осы шақ: Болымсыз түрінің жіктелуі (етістік +ған\ген + жоқ+ЖЖ(қазір жазып отырмын, қазір жазып отырған жоқпын.

Мезгіл үстеу (бүгін, кеше, ертең, биыл, былтыр, таңертең, кешке, қазір). Қысқарған сөздер, қосымшалардың жалғануы (ЖШС-нда жұмыс істеймін).

Өздік есімдігі. Өздік есімдігінің тәуелденуі. Ауыспалы осы шақтың болымды, болымсыз түрінің жіктелуі (тіркеймін, тіркемеймін). Деректі және дерексіз зат есімдер (арман,мақсат, жұмыс).

Жеке

Алғашқы

Соңғы

Телефон анықтамасы

Жазба

Факс жіберу

Қабылдау

Бекіту

Белгілеу

Дамыту

Сақтау

Шығару

Мекемені аралау

Кіріс құжаты

Шығыс құжаты

Тапсырыс

Жедел ақпарат

Созылады

2
6 Уақыт

Ертеңгі астан ауыз ти, түскі асты тастама, кешкі асқа қарама

Сайын септеулігінің мезгілді білдіруі: күн/ай/тоқсан/жыл сайын.

Қыстырма сөз: өкінішке орай, қысқасы, расында т.б

Мысалы: Расында, осы аптаның жұмыс кестесі ауыр болды.

Өзгерту

Алмастыру

Өткізу

Тапсырыс беру

Сұрау, сұрату

Шапшаң, жылдам, жедел

Уақытты тиімді пайдалану

Жоспаралау

Үлгеру

Қателік

Үнемдеу

Ұйымдастыру

Кепіл

2
7 Сағат

Уақыт – ұлы емші

Барыс септігі+ қарай, дейін: тоғызға қарай,

Шығыс септігі+соң, кейін жалғаулықтары

Есептік сан есім

Мезгіл мәнді жатыс септігі

Шығыс септігі +кеткенде

Барыс септігі+ қалғанда

Есеп беру

Есеп тапсыру

Есеп жолдау

Есеп жүргізу

Жақында

Әдетте

Анда-санда

Тура

Жарым

Қайту

Есеп жүргізу

2
ІІ модуль Оқу-кәсіби сала (18)
1 Қызметке орналасу жөніндегі құжаттар.

Өтініш және оның түрлері

Ілік септік: ай, күн, жыл атауларының берілуі, емлесі (2015 жылдың 15 қаңтары). Өтініш мағынасындағы сөйлеу әдебі (өтінемін, сұраймын, беріңізші, айтып жібересіз бе? т.б).

Мезгіл мәнді құрылым. Көмекші сөздер: бастап/бері

Өтініш

Сұраймын/өтінемін

Тест тапсыру

Әңгімелесу

Өтінішке қол қою

Құжат тапсыру

Жеке іспарағы

Еңбек кітапшасы

Рәсімдеу

Талап ету

Жұмысқа кірісу

2
2 Ресми өмірбаян Реттік сан есім (бір мың тоғыз жүз жетпіс бесінші жылы).Септеулік шылаулардың мезгілді білдіруі:

бастап/бері көмекші сөздері:күннен/аптадан/айдан/тоқсаннан/жыл-дан бастап/бері.

Бұрынғы өткен шақтың болымды түрі/ болымсыз түрі.

Түйіндемеден ерекшелігі

Хронологиялық тәртіппен

Еркін түрде

Жетістік

Мәлімет

Қамтылады

Баяндалу

Шешім қабылдау

Дүниеге келу

Қызмет атқару

Соңғы жұмыс орны

Отбасы құрамы

Жазылған күні, айы, жылы

Қолы

2
3 Кеңесте Септеулік шылаулармен тіркесіп, мезгілдік шекті білдіреді

(келесі айға дейін жасаймын; алтысына дейін бітіру керек).

Күніне\аптасына\айына\тоқсанына\жылынабір рет

Етістіктің бұйрық райы.

Кеңес

Аппараттық кеңес

Лездеме

Отырыс

Жиын

Күн тәртібінде

Мәселе

Ақпарат

Ақпарат ұсыну

Есеп

Жолдау

Міндет

Тапсырма

Ұсыныс

Хаттама

Шешім

Іс-шара

Мерекелік шара

Талдау

Талқылау

Қарастыру

Жіберу

2
4 Тоқсандық жоспар Мүмкіндікті білдіретін +ға /-у-ге болады/болмайды тұрақты формасы: (Кіруге бола ма? Шығуға бола ма?)

Ырықсыз етіс (осындай мәселелер қаралады).

Ырықсыз етіс+ бұйрық рай формасы (орындалсын)

Бұйрық райдың болымды, болымсыз түрінің жіктелуі (орындайын, орында, орындаңыз, орындасын)

Болымсыздық есімдігі

Көмекші есімнің мезгілді білдіруі: бір күннің/бір аптаның/бір айдың/бір тоқсанның/бір жылдың ішінде/ бір жыл бойы

Апталық жоспар/есеп

Айлық жоспар/есеп

Тоқсандық жоспар/есеп

Жартыжылдық жоспар/есеп

Жылдық жоспар/есеп

Жобаны дайындау

Жоспармен танысу

Жоспарды орындау

Стратегиялық жоспар

Алдағы жоспар

Атқарылған жұмыс

Жоба

Кесте

Дайындау

Жоспарлау

Толықтыру

Тырысу

Көрсету

Қосу

Бекіту

2
5 Кәсіби шеберлік Қажеттілік модальдығы

Етістік+тұйық етістік (-у) + тәуелдік жалғау +керек/қажет

Мысалы: жетілдіру керек, арттыру керек, жоғаплату қажет.

Кәсіби шеберлік

Кәсіби деңгей

Кәсіби деңгейін көтеру/жоғарылату

Кәсіби дағдыларды жетілдіру

Біліктілігін арттыру

Қайта даярлау

Өзін-өзі дамыту

Республикалық/облыстық семинар

Ғылыми конференция

Дөңгелек үстел

2
6 Біздің ұжым Салыстыру мәнді құрылым: Көмектес септігі+салыстырғанда, Барыс септігі+қарағанда

Бұрынғы ұжыммен салыстырғанда, қазіргі ұжымымда жастар көп).

Көптік мәнді есімдер.

Ұжым

Ұйым

Әлеует

Қоғамға пайдалы қызмет

Ортақ мақсат

Топтасқан адамдар

Қызметтес адамдар

Ұжымдағы орта жас

Қарым-қатынас

Ұйымшыл

Кәсіби деңгейі жоғары

Білікті

Сауатты

Тәжірибелі

Тәлімгер

2
7 Кәсіби мерекелер.

Құттықтаухат

Зат есімнің рең мәнді жұрнақтары

1. Құрметтеу мағынасындағы қаратпалар:-й: ағай, апай

-еке,-ке,-қа: Сә-ке, Мұ-қа

2. Еркелету мағынасындағы қаратпалар:

-тай:әке-тай, аға-тай

-жан:аға-жан, апа-жан

-шақ,-шек: құлын-шақ

-ш,-ыш,-іш: қалқа-ш

3. Кішірейту мағынасындағы қаратпалар:

-қай:бала+қай

-шық, -шік: қалашық, төбешік

-ша,-ше: сандықша, көрпеше

Құттықтаухат

Үкімет тарапынан марапатталу

Маңызды мерекелер

Құрметті, қадірлі

Аса қадірлі

Қымбатты

Құттықтау себебі

Құттықтаушы

Қуаныш иесі

Шынайы көңілден

Ұжымы атынан

2
8 Аралық бақылау

(сөйлеу әрекетінің

түрлері)

1.Тыңдалым тесті

2.Лексика грамматикалық тест

3.Оқылым тесті

4.Жазылым бойынша диктант

4
ІІІ модуль Денсаулық – зор байлық (16)
1 Адам келбеті Күрделі сын есімдер: -лы,-лі, -ды, -ді, -ты, -ті жұрнақтары (қыр мұрынды).

Қатыстық сын есімдер (үлгілі, көңілді, мәдениетті)

Адам келбеті Сыртқы келбет

Сыртқы пішін Мүсін

Көрікті Келбетті

Сымбатты Сүйкімді

Көзілдірікті Сақалды

Мұртты Ауызша баяндау

Толық суреттеу Ұзын бойлы

Орта бойлы Қысқа бойлы

Кең жауырынды

Кең маңдайлы Тар маңдайлы

Жазық маңдайлы Бота көзді

Қой көзді Қысық көзді

Қыр мұрынды Пұшық мұрынды

Жалпақ мұрынды Таңқы мұрынды

Дөңес мұрынды Қысқаша суреттеу

Жазбаша сипаттау

Аласа бойлы Ірі денелі

Кең иықты

2
2 Әріптесіме мінездеме Мінез-құлыққа қатысты қарсы мәндес сөздер (тәжірибелі-тәжірибесіз). Антонимдер (ашық-тұйық).

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар: -қор (еңбекқор), -паз(өнерпаз), -қой, -хана, -мен/бен/пен, -ов/-ев. -ша/-ше жұрнақтары (қазақша жақсы біледі).

Сауатты сөйлеу

Жетік білу

Еңбек тәртібін сақтайды

Мамандығының қыр-сырын меңгерген

Кәсіби деңгейі жоғары

Мінезі ашық

Қызметтік міндеттерін адал атқарады

Әріптестеріне көмектесуге әзір

Әріптестерінің арасында беделді

Жауапкершілігі жоғары

Тәртіпті қатаң сақтайды

Жрғары білімі бар

Кез келген өзгерістерді қиындықсыз меңгереді

Компьютер бағдарламаларын жетік білу, компьютерлік сауаттылығы жоғары

2
3 Спорт – денсаулық кепілі Болымсыздық есімдіктері (ешкім, ештеңе, ешқашан)

Жай сөйлемнің түрлері: болымсыз сөйлем (Мен ештеңемен әуестенбеймін).

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

Спорт түрлері

Олимпиада ойындарыСпорт сарайы

Мұз сарайыТеннис орталығы

Хоккей клубыФитнес орталығы

Спорт алаңыФутбол алаңы

КүресАуыр атлетика

Мәнерлеп сырғанау

Біздің мақтанышымыз

ЖүгіруЖүзу

СекіруОйнау

Күресу Бокстасу

Спорт кешеніЛақтыру

ТартылуЖеңу, ұту

ЖеңілуЖаттығу

Жақсы дамып келеді

2
4 Бірінші байлық – Денсаулық Етістіктің шартты райы

Етістік +/-са/-се+жіктік жалғауы

Мысалы: Адам спортты өмірлік серігіне айналдырса, ауруды атымен білмейтін болады.

Түрлі ауруларАуру

Ауру, науқас, сырқатНауқастану

СырқаттануСауығу,жазылу

ЖарақатБас ауруы

Қан қысымыДене қызуы

Жедел-жәрдемНығайту

ДәрумендерТәбет

Ауа жетпеу, тұншығуЕнтігу

Жарыс

ПайдалануСозылмалы

ҚабынуӘлсіреу

ШаншуҚадалу

Қызыуы көтерілуЖөтелу

ТерлеуДем шығару

Дем алмауҚұсу

Бас айналуЖүрегі айну

2
5 Салауатты өмір салты Мақсат мәнді білдіретін құрылым

Етістік+у———үшін

Етістік+/-ма/-ме,-ба/-бе, -па/-пе+у—–үшін

Мысалы: Ұзақ өмір сүру үшін үнеміқозғалыста болу керек.

Саламатты өмір

Сау адам

Денсаулыққа зиянды

Денсаулыққа пайдалы

Жаяу жүру

Таза ауада демалу

Ұзақ өмір сүру құпиясы

Үнемі қозғалыста болу

Пайдалы кеңестер

Ванна қабылдау

Моншаға бару

Денсаулықты шынықтыру

Дұрыс тамақтану

Артық салмақ

Күйзеліске ұшырау

2
6 Белсенді демалыс Терминдер. Спорт терминдері: альпинизм, скалолаз, скейтборд,теннис, гольф, ролик т.б Әуестіктің(хобби)бір түрі

Белсенді өмір сүру салты

Отбасылық белсенді демалыс

Бірлескен белсенді демалыс

Белседі демалыстың артықшылықтары

Биік таулы шипажай

Белсенді демалыс түрлері

Шаңғы, роллик, коньки тебу

Атпен, велосипедпен серуендеу

Теннис, гольф ойнау

Скейтбордпен, сноубортпен айналысу

Парашютпен секіру

Шыңға өрмелеу

Құзға шығу/өрмелеу

Асықпай баяу жүгіру

Балық аулау

Аңға шығу

Су шаңғысы

Автожарыс

Мотожарыс

Салмен жүзу спорты

2
7 Аралық бақылау

(сөйлеу әрекетінің

түрлері)

4
ІVмодуль Әлеуметтік-мәдени сала (16)
1 Менің қалам Көмекші есімдер (айналасында, сыртында, маңайында). Тәуелденген сөзге барыс, табыс, жатыс, шығыс септіктерінің жалғануы (Статистика басқармасы-на барамын, … басқармасы-н базаға енгіземін, басқармасы-нда боламын, басқармасы-нан шықтым). Қоғамдық орындарҚонақүй

ДәмханаМейрамхана

МоншаӘуежай

Сұлулық салоныЕскерткіш

КөпірМешіт

ШіркеуЖер асты жолы

АуданАйналасында

Сыртында

Маңайында

СубұрқақӨндіріс

ГүлзарАялдама

КассаБазар

ПоштаКөлік

МұражайБанк

КөрмеСаяхат

Сауда орталықтары

Халыққа қызмет көрсету

2
2 Кітапхана Сілтеу есімдіктері.

Күнделікті әлеуметтік-тұрмыстық салада қолданылатын сөздер (аудан, оңтүстік).-дағы/-дегі/-тағы/-тегі, -ндағы/-ндегі жұрнақтары.

Зат есім жасайтын жұрнақтар

-хана;

-ман/-мен;

-ым;

Біріккен сөздер

Әмбебап кітапхана

Балалар кітапханасы

Ғылыми-техникалықорталығы

Мерзімді баспасөз бөлімі

Ғылыми басылым

Орталықтандырылған

Көркем әдебиет

Қолжазба

Сирек кездесетін

Жазылым

Бірлестік

Көрме

Оқырман

Оқу залы

Абонент бөлімі

Басылым

Кітап қоры

Ақын

Жазушы

Мақала

Үйлестіру

Мүмкіндік

Әуенді

Мәртебе

2
3 Мұражайда Табыс септік: табыс септік жалғауының түсіріліп қолданылуы – нөлдік форма (ақпарат алдым; мұражай араладым).

Барыс септігі: қозғалыстың аяқталу нүктесі (Мұражайға дейін қалай баруға болады?).

Мақсатты білдіру: етістік+у+ға

Мысалы: білуге, көруге

Мұражай

Бейнелеу өнері

мұражайы

Ұлттық аспаптар

Құндылық

Тарихи-өлкетану мұражайы

Жәдігер

Ұлттық киімдер

Зергерлік бұйымдар

Тарих

Тарихи ескерткіш

Бағалы

Құнды

Тас моншақ

Қаулы

Әсер

Алтын бұйым

Тамашалау

Сақтар

Өзгерту

2
4 Театрда. Көмектес септік:бірлескен іс-қимыл (Театрға Айнашпен бірге бардым). Септеуліктер (бірге, қабат, қатар).

Септеуліктер: (туралы, жайлы, жөнінде).

Ырықсыз етіс

1.Етістік+(-ыл,-іл,-л);

2. Етістік+(-ын,-ін,-н);

Сахна шеберлері Жүлделі

Жағымды Алдыңғы қатарлы

Халақаралақ Бүкіләлемдік

Күрделі

Музыкалық комедия

Театры

Шымылдық

Драма театры Сахна

Қуыршақ театры Көрермен

Қойылым Туынды

Негізін қалау Әртіс

Рөлде ойнау Ерте

Сыншы

2
5 Қазақ киносы Бұрынғы өткен шақтың болымды түрі. Етістік+есімше формалары (-ған/-ген, -қан/-кен)+ж.ж..Мысалы: жазған, сөйлеген. Көркем фильм

Деректі фильм

Ғылыми-көпшілік фильм

Мультипликациялық фильм

Шытырман оқиғалы фильм

Тұсаукесер

Түсірілім

Кино жұлдыздары

Тамашалау

Үлес қосу

Жарнамалау

Шет ел

Кино қайраткерлері

Озық туынды

Жаңашыл

Иегер

2
6 Концертте Етістіктің қалау райы (Аттракционға мінгім келеді).

Болымсыз сөйлем (барамын-бармаймын, бара алмаймын).

Бұрынғы өткен шақтың болымсыз түрі.

Сынбейне үстеу (жылдам, тез).

Көңіл күй одағайы (алақай, шіркін, пай-пай, бәрекелді. қап, әттең,).

Болымсыздық есімдіктері.

Концерттік бірлестік

Әнші

Концерт залы

Күйші

Домбырашы

Қобызшы

Шығармашылық кеш

Биші

Гастрольдік сапар

Байқау

Жеке орындаушы

Өнерпаз

Озық үлгілер

Қызығу

Ашулану

Ренжу

Қазақстанның еңбек

сіңірген әртісі /

қайраткері

Бастама

Елеулі

Театр құрамы

Марапаттау

Арнайы сыйлық

Шеберлікпен

Тележоба

Талап

Шарт

Кезең

Аймақтық іріктеу

Үміткер

Бозбала

Бойжеткен

Шоу-бизнес өкілдері

Жолдама

Іріктеу өткізу

2
8 Аралық бақылау

(сөйлеу әрекетінің түрлері)

1.Тыңдалым тесті

2.Лексика грамматикалық тест

3.Оқылым тесті

4.Жазылым бойынша диктант

4
V модуль Ас. Киім. Талғам (16)
1 Асүй бұйымдары Есімшенің болымды түрі.

Етістік+атын,-етін,-йтын,-йтін.

Мысалы: қуыратын, пісіретін

Есімшенің жіктелуі.

Дастарқан Майлық

Асқасық Шайқасық

Шанышқы Пышақ

Тәрелке Стақан

Шыныаяқ Табақ

Жазу, жаю

Кесе Таба

Табақ Қазан

Ожау Оқтау

Елеуіш Аққұман

Араластыру Демдеу

Кесу, турау

2
Қазақтың ұлттық тағамдары Күшейтпелі шырай

Есімшенің болымсыз түрі.

Етістік+(ма/-ме,-ба/-бе,-па/-пе)+йтын,-йтін.Мысалы: көрмейтін, бармайтын

Ұлттық дастарқан

Қазақша ет

Қуырдақ

Қымыз

Шұбат

Айран

Құрт

Ірімшік

Сүзбе

Қатық

Өкпе-бауыр

Талқан

Жент

Қазы-қарта

Шұжық

Қышқыл

Ащы

Тұщы

Дәмді

Құнарлы

Наурызкөже

2
2 Қонақжайлық (қазақ халқының дәстүрлері) Мөлшер үстеу (сонша, мұнша, көптеген, аздаған, бірен-саран).

Мезгілді білдіретін құрылым.

Етістік+ғанда/-генде. Мысалы: жазғанда, оқығанда.

Қонақжайлық

Үйдің төрі

Салт

Дәстүр

Сыйлы ас

Сүрленген ет

Сыйластық

Таңғалу

Сарқыт

Сый-құрмет

Қонақ шақыру

Ауыз тию

Нығайтады

Ортақ дастарқан

Ет асу

Іс жүзінде

Қонақ күту

Мәжбүрлеу

Дастарқан мәдениеті

2
3 Қазақтың ұлттық киімдері. Көмектес септік: іс- қимылдың құралы (таспен безендірілген, оюмен өрнектелген)

Сын есімнің салыстырмалы шырайы

Сын есім+(-лау/-леу, дау/-деу,-тау/-теу) Мысалы: ұзындау, қысқалау

Сын есім+(-рақ/-рек, -ырақ/-ірек)

мысалы: қымбатырақ, әдемірек

Шапан

Тон

Бешпент

Сәукеле

Желетке

Кимешек

Тымақ

Ішік

Бүрмелі көйлек

Тақия

Ұлттық киім үлгісі

Оюлы

Саптама етік

Әшекейлі

Уыз

Сый-сияпат

Қоғамдық іс-шара

Шүберек

Иығына шапан жабу

Киіз

Қатардағы киім

Аң терісі

Салтанатты рәсім

Талғамға сай

Жүн/жібек мата

Безендіру

Көркем

Тапсырыспен тіккізу

2
4 Қазақ сәнгерлері Жалпылау есімдіктері (бәрі, барлығы)

Белгісіздік есімдігі (әлдеқашан, әрқайсысы, әрбіреу, кейбір, бірнеше, әлдеқашан). Мысалы: Қарағандыда биыл бірнеше күн қатты аяз болды.

Мөлшер үстеуі (сонша, мұнша, аздаған, бірен-саран). Мысалы: Қазақстанда көптеген сәнгерлер ұлттық киімдер тігумен айналысады.

Көненің құндылықтары

Сәнгер

Көрік беру

Замандас

Мақта

Жүн

Жібек

Кеңінен қолдану

Бет-бейне

Етек-жең

Ғажайып дүние

Бағалы тас

Ою-өрнек

Негізін қалау

Сауда белгілері

Өкілдік

Қайталанбас үлгі

Лайықты

Тартымды

Қолөнер

Барқыт(шибарқыт)

2
5 Сұлулық салонында Етістік+(-ғанда/генде, -қанда/-кенде) қосымшалары

Өзгелік етіс: -қыз/-кіз, -ғыз/-гіз, -тыр/-тір,-дыр/-дір. Мысалы: қиғыз, кептір, қысқартқыз, боят. Айдана шашын боятты.

Шаш сәні

Қысқарту

Шашты қиғызу

Шаш алдыру

Шашты бұйралау

Шаш бояуы

Шашты бояу

Ұтыс ойыны

Шашты кептіру

Ұсақ-түйек

Шашты жатқызу

Мүмкіндік

Шашты сәндеу

Ұзындығын қию

Сақалды алғызу

Тарақ/қайшы

Сүлгі/жамылғы

Әйелдер/ерлер шебері

Шаш және тырнақ күтімі

2
6 Аралық бақылау

(сөйлеу әрекетінің түрлері)

4
VІ модуль Елтаным (18)
1 Менің елім – Қазақстан Жалқы, жалпы есімдер. Септеулік шылау (туралы, жайында, жайлы).

Болжалдық сан есім

1.Есептік сан есім+шақты, шамалы (жиырма шақты, жүз шамалы)

2. Есептік сан есім+барыс септік+жуық (он беске жуық, отыз беске жуық)

3.Есептік сан есім+дай/-дей, -тай/-тей (он екідей, екі жүздей)

Пайдалы қазбалар

Құрлық

Шикізат қорлары

Шектесу

Қорғасын

Мырыш

Мыс

Мұнай

Алтын

Қалайы

Тасымалдау

Қамқорлыққа алу

Жер қойнауы

Кен

Астық

Өндіру

Құрып кету

2
2 Мемлекеттік тіл – менің тілім Күрделі атаулар (Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі)

Сын есімнен зат есім тударатын жұрнақтар

Сын есім+лық/-лік, -дық/-дік, -тық/-тік. Мысалы: кеңпейілдік, көркемдік. Маған қазақ халқының кең пейілдігі ұнайды.

Қолданушы

Көшу

Интернет кеңістігі

Құрметтеу

Баспасөз хатшысы

Қадірлеу

Саяси іс-шара

Жер аудару

Жұрт

Кейіпкер

Кең байтақ

Кеңпейілдік

Құдірет

Шексіз

Ақкөңілдік

Көркемдік

Армандау

Қызғаныш

Қалыптасу

Ызы-кек

Өшпенділік

2
3 Туған жердің жері де көрікті, елі де көрікті Көмекші етістіктер: деді. Біріккен сөздер (Елбасы, төраға, қолбасшы, көшбасшы, )

Бұрынғы өткен шақ формасы (көсемше)

Етістік+ып/-іп/-п+жіктік жалғауы

Мысалы: көріпті, салыныпты.

Мәдениеттің ошағы

Көркею

Білімнің ордасы

Түрлену

Отанымыздың жүрегі

Бедерлену

Табалдырық

Сәулеткерлік

Сарайдың қақпасы

Тілек тілеу

Қарыздар

Салтанатты орда

Елорда келбеті

Сүйіспеншілік

Перзенттік сезім

Қоғамдық бірлестік

Жағалау

Шетелдік елшілік

Жаңару

Мұрағат қоры

Тамыр

ПрезидентЖарлығы

Бұтақ

2
4 Тәуелсіздік жемісі Төл сөз және оның тыныс белгілері.

1.«Еліміз қазір үлкен жетістіктерге жетті»,-деді/деген/дейді/деп айтты

Н. Назарбаев.

2.Н. Назарбаев былай деді/деген/дейді: «Еліміз қазір үлкен жетістіктерге жетті».

Стратегиялық серіктестік

Салықтық/қаржылық жүйе

Тұрғын үй-коммуналдық сала

Дінаралық келісімді сақтау

Тәуклсіздіктің жемісі

Мақтанышпен

Әл-ауқаттың артуы

Жіктелім

Таяу Шығыс

Бағытталған

Ынтымақтастық

Саяси тұрақтылық

Жетекші ұйым

Серіктес

Жылнама

Сақтау

Мәдениетті қолдау

Айтыс

Көшбасшы

Әлемдіак рейтінгке ену

Қайта салынды

Басымдық

2
5 Тәуелсіз елдің Президенті Қос сөздер. Мысалы: азық-түлік, жан-жақты, төрт-бес. Қарқынды даму

Тағайындалу

Басшылығымен

Терезесі тең

Терең сезіну

Бірден-бір

Қолдану аясын кеңейту

Жаһандық мәселелер

Қанатты сөз

Нығаю

Беделін арттыру

Сайлау

Мойындау

Қол жеткізу

Жан-жақты даму

Ойдағыдай

Жағдай жасау

Бой көтеру

2
6 Қазақстанда жасалған өнім Біріккен сөздер. Жер-су, қала атаулары.

Деп ойлаймын құрылымы сөйлеушінің ойын, көзқарасын білдіреді. Мысалы: Мен отандақ тауардың сапасы жаман емес деп ойлаймын.

Жастықтың тысы

Әшекейлі

Арнайы қатар,сөре

Қолға алу

Назарын аудару

Үлес қосу

Тауарды тұтыну

Қолдау жасау

Киім-кешек

Сауда желілері

Құрылыс бұйымдары

Химиялық тыңайтқыш

Гендік өзгертілген

Артықшылық

Өнімді тұтыныу

Табиғи шикізат

Табиғи өнім

Мақта-мата комбинаты

Ұран

Отандық тұтынушы

Сызба

Көрпе-жастық

Хош иісті

Өз еліңде шығарылған

2
7 Қазақстан – достық мекені Көмекші етістіктер. Көру көмекші етістігі. Етістік+ып/-іп/-п+жіктік жалғауы. Мысалы: айтып көрдім, іздеп көрдім. Тұрақтылықты сақтау

Киелі бесік

Ұлыстардың бірлігі

Құшағы кең

Үкіметтік емес ұйым

Ту етіп ұстау

Рухани келісім

Дамудың сыры

Қазақстандық үлгі

Ұлтаралық келісімді сақтау

Мәртебелі мейман

Тірлік

Бейбітшілік пен келісім

Нағыз

Лайықты деңгейде Қамту

Бір шаңырақ астында

Басын қосу

2
6 Аралық бақылау

(сөйлеу әрекетінің түрлері)

1.Тыңдалым тесті

2.Лексика грамматикалық тест

3.Оқылым тесті

4.Жазылым бойынша диктант

4

Базалық (А2) деңгейінің емтихан материалдары (лексикалық тақырыптар)

1.Отбасы мүшелері

2.Лауазымдық міндеттерім

3.Біздің ұжым

4.Менің мамандығым

5.Кәсіби мерекелер

6.Адам келбеті

7.Әріптесіме мінездеме

8.Спорт – денсаулық кепілі

9.Белсенді демалыс

10.Менің қалам

11.Кітапхана

12.Қазақ киносы

13.Асүй бұйымдары

14.Қазақтың ұлттық тағамдары

15.Қазақтың ұлттық киімдері

16.Тәуелсіз елдің Президенті

17.Менің елім – Қазақстан

18.Сұлулық салонында

19.Қазақстан – достық мекені

20.Қазақ тілі курсында

Базалық (А2) деңгейінің емтихан материалдары (қорытынды диктант)

Әлем елдеріне саяхат жасау

Әлем елдеріне саяхат жасау – әрбір адамның арманы. Саяхат барысында жаңа дүниелерді көріп, танымыңды кеңейтуге, жаңа көзқарастарға ие болуға мүмкіндік бар. Тек саяхат ережелерін жақсы білу керек.

Пауло Коэльо мынадай саяхат ережелерін ұсынған. Саяхатшы болсаң, ойын-сауық орталықтарына бару керек. Ол жерден қаланың, адамдардың нағыз өмірін көреcің. Газет сатып ал да, орындыққа отырып, адамдарды сырттай бақыла. Біреу сенімен сөйлескісі келсе, сен де сөйлес. Ең мықты гид – жергілікті тұрғын. Жақсы адамдар кездессе, бір күн бойы кез келген сауалыңа жауап ала аласың. Жақсы жерлермен серуендей аласың. Өзің барған елдің тілінде сөйлей алмасаң да, қорқушы болма. Өзің тоқтаған қонақ үйдің визитті картасы қалтаңда болса, ештеңеден қорықпа. Кез келген жүргізушіге көрсетсең, керек жеріңе уақытында жеткізеді.

Базалық (А2) деңгейінде орындалатын ағымдық жазба жұмыстар (диктант)

Банк қызметі туралы не білеміз?

Банктік жүйе өндірістік құрылымға енеді. Өндіріскерекболса, банк те керек. Жалпыбанктікжүйелерәртүрлідеңгейліболады. Біріншісі – мемлекеттік, екіншісі – коммерциялықбанктер. Коммерциялықбанктерхалыққақызмететеді.

Банк – қарыз беруші мен қарыз алушының арасында делдалдық жасайтын, сөйтіп, ақша капиталымен сауда жүргізетін мекеме. Банктернесиесаясатынжүзегеасырады. Оларнесие-есептікқызметатқарады.

Дүниежүзіндегіең бай мекемелер, әрине, банктер. Мемлекеттіңөзі де қарыздыбанктеналатынкездеріболады. Еліміздіңбайлығы, беделіқазір осы экономистерге, банкирлергетікелейбайланысты. Банктікжүйежақсыжұмысістемесе, бізқарызғабатамыз.

Ақгүл

Ақгүл (жасмин) – көпжылдық бұта түрінде өсетін өсімдік. Гүлдері хош иісті болады. Өсімдіктің Отаны – тропиктік елдер. Бұл гүлді әсемдік үшін, хош иісті эфир майларын алу үшін және шайды хош иістендіру үшін өсіреді. Ақгүлдің хош иісі көптеген әтірлердің құрамына енген. Сол сияқты өсімдік гүлінен кремдер, массаж майлары және басқа да көптеген косметикалық заттар дайындалады.

Ақгүл ерекше күтімді қажет етпейді, бөлме жағдайында да жақсы өседі. Топырағы құрғаған кезде ғана суарады. Гүлдің ыдысын 2 жылда бір рет көктем айында алмастырады. Басқа бөлме өсімдіктерімен салыстырғанда ақгүл күн көзіне, тура түскен күн сәулесіне шыдамды.

Білім және Италия

Италияда оқитын студенттер сапалы білім алады және әлемдік өркениетпен жақын танысады. Қазіргі заманда адамзаттың мәдени тарихында Петрарка, Леонардо да Винчи, Микеланджело есімдері үлкен орын алады. Сондықтан мәдениеттану, музыка саласы немесе сәулет өнерін жақсы көретін студенттер Италияны таңдайды.

Бұл елде білім беру жүйесі екі типтен тұрады: университеттік және университеттік емес сектор. Италияда оқу жеңіл, өйткені міндетті оқу жоқ. Студенттерге семестр сайын емтихан тапсырып, сабаққа міндетті түрде қатысу талап етілмейді. Студенттер өздеріне қолайлы уақытта лекцияға қатысып, емтихандарын тапсырады. Мұнда грант көп бөлінбейді. Грант тек үздік оқитын жастарға ғана беріледі. Ал шетелдік студенттерге қойылатын басты талап – италья тілін білуі.

Күлкі терапиясы

Қазіргі уақытта әлемде гепотология деп аталатын жаңа ғылым пайда болды. Қазақша атауы – күлкі терапиясы. Бұл ғылымға қызығушылар өте көп. Себебі, күлкі адамның ұзақ өмір сүруіне пайдалы және ағзаға оң пайдасын тигізеді.

Күлкі иммунитетті күшейтеді. Калифорния университетінің ғалымдары күлкінің иммунитетті жақсартып, адам ағзасын қорғайтынын дәлелдеген. Күлгенде стресс гормондарының деңгейі төмендейді. Гепотология ғылымын зерттеп жүрген невролог-дәрігер Уильям Фрайдың айтуы бойынша, күлкі тыныс алуды және қан тамырларының жұмысын жақсартады. Адамға жақсы энергия береді. Үнемі күліп жүретін адамдарда басқаларға қарағанда стресс пен депрессияға қарсы имунитет пайда болады. Күлкі адам ағзасын тазартады. Сұлу боламын десеңіз, әрқашан күліп жүріңіз.

Қазақстандағы Вена балы

Вена балы – Венада өтетін дәстүрлі шара. ЮНЕСКО Вена балын материалдық емес, мәдени мұралар тізіміне енгізді. Сонымен бірге нағыз Вена балын өткізуге қойылатын шарттар қабылданды. Осы шарт бойынша балды жас дебютанттар жұптары бимен ашады. Вена балыныңтарихы ХІХ ғасырданбасталады.

Қазақстанда да Вена балы ұйымдастырылады. Оғанжылсайынәлемгебелгіліөнержұлдыздарышақырылады. Бұл шара еліміздеалғашқыжылдарыресейліктерменбіргеөткізілген. Енді оны қайырымдылықшарасыретіндежекеұйымдастырыпжүр. Кезекті бір бал балалардықорғауғаарналды.

Жылсайынбалғақатысушыдебютанттар кастинг бойыншатаңдапалынады. Кастингкеұзынбойлы, сымбатты қыз-жігіттер қатысады. Соныменбіргеқыздар 18-23 жасшамасында, ал жігіттер 18-25 жастаболуықажет.

Гарвард университеті

Гарвард АҚШ-тағы жоғары оқу орындарының ішіндегі ең көнесі. ӘлемГарвардтыеңбеделді университет ретіндетаниды. Ол жерде біруақыттажиырмамың студент оқиалады. Оныңтарихы, ықпалыжәнежеткенжетістіктеріөтежоғары.

Университеткеалғашақшалайкөмеккөрсеткендердіңбірі Джон Гарвард болғандықтан, университет осы кісініңатыменаталады. Гарвардтыңбірнешеөнер, мәдениетжәнеғылымғақатыстымұражайлары бар. Еңалдымен, университет кампустарындабілімалуға, спортқа, демалуғакереметжағдайжасалған. Университет кітапханасында он алты миллион кітапқорыбар. Ал мәртебезалында Нобель сыйлығыныңқырықүшлауреатыныңпортреті бөлмегеғажайыпсәнберген. Университетте медицина, өнер, бизнес, экономика, менеджмет, физика, химия, астрономия, инженер, антропология, экология, тарих, музыка, дизайн, әлеуметтану, философия, психология, статистика, тілбілімі, заңмамандықтары оқытылады.

БАЗАЛЫҚ ДЕҢГЕЙ А-2

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР:

1) В-6, С-6, E-G-3, E-G-4, C-R-5, D-O-6, С-ТК-6, С-ТК-7, С-ТКО-8, С-ТКО-9, С-ТКО-10, С-ТКО-11 санаттарындағы мемлекеттік қызметкерлер;

2) құқық қорғау органдары:

C-FP-10, C-FP-9, C-FP-10, C-FPO-9, C-FPU-10, C-FP-11 санаттарындағы құқық қорғау органдары қызметкерлері;

қала, аудан прокуратурасының бөлім бастығы, қала, аудан прокурорының аға көмекшісі, көмекшісі;

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің кіші офицерлік құрамы (комитеттің, департаменттің, бөлімнің, бөлімшенің, сектордың), әртүрлі деңгейлердегі департаменттерінің (облыстық, қалалық, аудандық) учаскелік полиция инспекторлары, кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспекторлар, әртүрлі деңгейлердегі уақытша ұстау изоляторларының айдауылдаушылары, жол полициясының инспекторлары, жол полициясының әртүрлі ұйымдарының инспекторлары, ішкі істер органдарының қызметкерлері, статистиктері, бухгалтерлері, командир көмекшілері, заңгер консультанттары, рұқсаттама бюросының кезекшілері, сондай-ақ ішкі істер органдарының лауазымдары талдау жасап, қорытындылап, ұсыныс әзірлей отырып, халықпен жұмыс істейтін, өз жұмыстарының қорытындыларын әзірлейтін қызметкерлері;

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің барлық құрылымдық бөлімшелері, аумақтық органдары мен ведомствоаралық бағынысты ұйымдардың (комитет, департамент, мемлекеттік мекеме, штаб, республикалық мемлекеттік кәсіпорны) жетекші, бас мамандары, сарапшылары, инженерлері, аға инженерлері, түрлі дәрежедегі өрт сөндіру бөлімдерінің кіші және орта офицерлік құрамы және қызметі талдау жасауға, жоспар құруға, ұсыныс әзірлеуге, әр түрлі дәрежедегі есептер әзірлеуге, құжат айналымына қатысты, қызметінде халықпен қарым-қатынас жасайтын, жұмыс нәтижелерін әзірлейтін қызметкерлері.

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕР:

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің және басқа әскерлер мен әскери құрылымдардың кіші офицерлік құрамы:

1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Штабтар басшылықтары, Комитет департаменттері, бас басқармалардың, басқармалардың, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің түрлері мен тектерінің бас қолбасшылықтарының, өңірлік қолбасшылықтардың, Қорғаныс министрлігіне бағынысты барлық мемлекеттік мекемелердің, Қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің (басқармалар, бөлімдер), жоғары әскери оқу орындарының кіші офицерлік құрамы мен сарапшылары, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметшілері;

2) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарында келісімшарт бойынша қызмет атқаратын сержанттар (старшиналар) құрамы;

3) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының командирлері және олардың орынбасарлары (бөлім, взвод, рота, батальон және оларға теңестірілген бөліністер), батальон сержанты және қызметі талдау жасауға, қорытындылау, ұсыныс әзірлеуге байланысты, қызметінде халықпен қарым – қатынас жасайтын, атқарылған қызмет, жұмыс нәтижелерін әзірлейтін әскери қызметшілер;

4) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі әскери бөлімдерінің кіші және орта офицерлік құрамы.

АЗАМАТТЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР:

1) G-11, G-12, G-13 санаттарындағы азаматтық қызметкерлер және азаматтық сала бойынша қызметі талдау жасап, қорытындылап, шешім қабылдау арқылы басқарумен байланысты барлық азаматтық қызметшілер:

мемлекеттік тілді емес лицей, гимназия мұғалімдері, барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарындағы кітапхана, мұрағат, зертхана, есеп-қисап бөлімінің қызметшілері, мұрағатшылары, кітапханашылары, балалар, сәбилер үйлерінің, интернат, жатақхана, балабақшалардың (балалар яслилерінің) аға тәрбиешілері, мектептен тыс мекеменің, балалар ұйымдарының мәдени ұйымдастырушы мамандары, оқу-өндірістік шеберханасының басшылары;

денсаулық сақтау, медицина, фармацевтика, санитарлық-эпидемиология, денсаулық сақтау саласындағы барлық құрылымдық бөлімдерінің мамандары, түрлі дәрежедегі емхана, аурухана, зертхана, шипажайлар, медициналық орталық, медициналық пунктердің кіші мейірбикелері (мейірбикенің көмекшісі), санитарлары, акушерлері, зертханашылары, барлық деңгейдегі жедел жәрдемдердің кіші мейірбикелері (мейірбикенің көмекшісі) санитарлары, техниктері, мейірбикелері, аға мейірбикелері, фармацевтері, санитарлық фельдшерлері, емдәм мейірбикесі, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет маманы, денсаулық сақтаудағы сарапшы маман, түрлі дәрежедегі емхана, аурухана, зертхана, медициналық орталық, медициналық пунктердің мейірбикелері, аға мейірбикелері, учаскелік мейірбикелері, акушерлері, аға акушерлері, зертхана мамандары, барлық деңгейдегі жедел жәрдемдердің фельдшерлері, аға медбикелері, қарттарға арналған интернат-үйлерінде (жалпы типтегі), шипажайлар, соғыс және еңбек ардагерлеріне арналған мекемелерінің әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі әлеуметтік қызметкерлері, емделушілерді тіркеу, науқастарды қабылдау бөлімдерінің медициналық тіркеушілері, стоматологтың көмекшісі (тіс гигиенисі), тіс технигі (тіс протездеу бөлімінің, кабинетінің зертханашысы);

республикалық, облыстық, аудандық театр, мұражай, кинотеатр, театралдық-концерттік ұйымдардың режиссерлерінің ассистенттері, балетмейстерлері, дирижерлері, концертмейстерлері, хормейстері, аккомпаниаторлары мәдени ұйымдастырушылары, бағдарламашылары, репетиторлары, ана тілі мемлекеттік тіл болып саналмайтын барлық актерлер, әртістер, әншілер, солистер, музыканттар, музыкатанушылар, өнертанушылар, актерлер, композиторлар, діни қызметкерлер;

ақпарат және байланыс саласы бойынша ақпараттық жүйелер сарапшысы, бағдарлама әзірлемешілері және де басқа ақпараттық технологиялар мамандары, пошта кассирлері, аға кассирлері, пошта саласы бойынша құрылымдық бөлімше қызметкерлері, телебайланыс бөлімшелерінің телефонистері, операторлары, кассирлері, инженерлері, теле-радио таратылым және байланыс инженерлері, операторлары, бұқаралық ақпарат құралдарының инженерлері, операторлары, түрлі дәрежедегі телерадио ақпарат тарату ұйымдарының, қазақ тілді емес бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілері, түрлі дәрежедегі (қалалық, облыстық, аудандық) халыққа қызмет көрсету орталықтарының бас, жетекші, аға мамандары, эксперттері, іс жүргізушілері;

түрлі вокзалдар мен арнайы тұрақтар, әуежайлар, порттар бас мамандары, станса кезекшілері, кассирлері, диспетчерлері, авиа-диспетчерлері, инженерлері, операторлары, геодезистері, билет кассаларының, камералық сақтау бөлімдерінің мамандары, жолаушыларға қызмет ету жөніндегі дирекцияның, касса (сапаржайдағы билет кассасы, бас касса, қалалық билет кассалары) мамандары, көліктегі, байланыстағы орталық, бөлім, бөлімше, қызмет, ауысым, станса, филиал, пошта вагондар құрамының бас мамандары, халықаралық және туристік тасымалдау дирекциясының, жолаушыларға қызмет ету жөніндегі дирекцияның, қалалық көлік маршрутының бас мамандары, Көліктік бақылау комитетінің инспекторлары, аға инспекторлары;

эколог, қауіпсіздік техникасы жөніндегі бас мамандары, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдардың, кадр қызметінің, кеңсенің ұйымдастырушы, қамтамасыз етуші, қызметі талдау жасауға, қорытындылау, ұсыныс әзірлеуге байланысты, қызметінде халықпен қарым-қатынас жасайтын, атқарылған қызмет, жұмыс нәтижелерін әзірлейтін қызметкерлер, бас мамандары, қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму мәселелері жөніндегі ұйымдастырушы және қамтамасыз етуші бас мамандары;

Ұлттық олимпиада комитетінің, спорт федерацияларының, спорт мектептерінің, олимпиадалық даярлау орталықтарының, спорттық көрініс мекемелерінің, стадиондар мен спорт сарайларының аға жаттықтырушылары;

түрлі дәрежедегі (облыстық, аудандық, ауылдық) ауыл шаруашылығы саласының машина жөндеу шеберлері, техниканы түзету мамандары, қойма қызметкерлері, қоймашылары, лаборанттары, механизаторлары, техниктері;

энергетика және атом саласы бойынша энергетиктері, кешенді автоматизация және телемеханика шеберлері, энергетика саласының химиктері, минералды ресурстар саласы бойынша шахта шеберлері, инженерлері, инженер-инструкторлары, тау-кен өндірісінің шеберлері.

ӨЗГЕ ДЕ САЛАЛАР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ:

1) Акциялары отыз бес және одан да көп пайызы (қатысу үлесі) мемлекеттікі болып саналатын мемлекеттік холдингтердің, ұлттық компаниялардың, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мамандары, сарапшылары, жетекші және бас мамандары, сарапшылары, жолсеріктері, аспансеріктері, экипаж пилоттары, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сарапшылары, қызметі талдау жасауға, жоспар құруға, әр түрлі дәрежедегі есептер әзірлеуге, құжат айналымына қатысты қызметшілері;

2) барлық дәрежедегі банктер мен олардың филиалдарының, қор биржаларының, аудиторлық және сақтандыру компанияларының 1, 2, 3 дәрежелі мамандары, бухгалтеры, кассирлері, хатшылары, инспекторлары, мүлікті кепілге қою арқылы несие беретін агенттері, менеджерлері;

3) Қазақстан туристік ассоциациясының туристік ұйымдарының бас мамандары, орта дәрежелі туризм нұсқаушылары, агенттері, саяхат бюросының қызметшілері;

4) қонақ үйлері мен мейрамханалардың Қазақстандық ассоциациясының демалыс үйлері, қонақ үйлері мен мейрамханаларының даяшылары, бармендері, администраторлары, брондау бөлімінің операторлары;

5) сауда орындарының сауда коммерциялық агенттері, зал администраторлары;

6) халыққа қызмет көрсетумен байланысты жекеменшік кәсіп субъектілерінің мамандарына, сарапшыларына бас және жетекші мамандарына, сарапшыларына, қызметшілеріне мемлекеттік тілді базалық деңгейде меңгеру ұсынылады.