«ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫ» ММ «РЕСУРСТЫҚ ТІЛ ОРТАЛЫҒЫ» КММ

ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ҚАРАПАЙЫМ ДЕҢГЕЙГЕ (А1) АРНАЛҒАН

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ (SYLLABUS)

Қазақ тілін оқытудың Қарапайым деңгейге (А1) арналған

жұмыс бағдарламасын (syllabus) әзірлеген:

Жақанова Жұпар Рысқұлқызы – бөлім меңгерушісі, п.ғ.м.

Смыкова Әсия Даниярқызы – әдіскер

Мемлекеттік және жергілікті басқару саласындағы мемлекеттік қызметшілерге, ересектерге арналған қазақ тілін оқыту бағдарламасы. Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Қарапайым деңгей (А1)

Бағдарлама (syllabus) бірінші рет ұсынылып отыр

«Ресурстық тіл орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

Латын графикасына көшу бойынша оқыту және әдістемелік жұмыс бөлімі

(Құрылтайшы мекемежазылады. Не әкімдік, болмаса тілдерді дамыту бөлімі)

«Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» ММ-мен келісілген

Басқарма басшысы ___________ _________________________ «___»____2018ж.

(қолы) (А.Ж.Ә.)

Оқыту орталығының директоры бекітеді.

«Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ресурстық тіл орталығы» КММ-мен келісілген

Орталық директоры ___________ _________________________ «___»____ 2018 ж.

(қолы) (А.Ж.Ә.)

КУРСТЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ

Курсты жүргізу барысында арнайы мақсаттар қойылып, оларға қол жеткізу үшін орындалуы тиіс нақты міндеттер белгіленеді.

Мақсаты:

Мемлекеттік және жергілікті басқару саласындағы мемлекеттік қызметшілер мен ересектерүшін қазақ тілін оқудағы негізгі мақсат тіл үйренушіге қазақ тілін оқытудың бес деңгейлік жүйесінің ішкі сатыларымен төменнен жоғарыға қарай көтере отырып, әлеуметтік коммуникативтік міндеттерді әртүрлі тұрмыстық, мәдени, кәсіби және ғылыми қызмет қатысымындағы коммуникативтік құзыреттілікті қажетті деңгейде меңгерту болып табылады.

Міндеттері:

  • тіл үйренушінің өз бетінше білім алу қабілеті мен ақпараттық мәдениетін дамыту;
  • қазақ тілінде сөйлем құрастырудың әдіс-тәсілдерін практикалық жолмен үйрету;
  • сөйлем түрлерін сөйлеу әрекеттері арқылы үйрету;
  • сөйлеу әдебі түрлерін меңгерту.

Тіл үйренуші қазақ тілін меңгеру барысында мынадай біліктерге қол жеткізуі тиіс:

Тыңдалым бойынша:

Тіл қолданушы:

  • асықпай, анық айтылған сөздерді түсінеді, қарапайым нұсқауларды орындай алады;
  • бұл деңгейдегі диалог көлемі 10 тілдесімге дейін, мәтін 1 рет тыңдалады;
  • монолог көлемі – 40-50 сөз, тыңдалуы 1 рет.

Оқылым бойынша:

Тіл қолданушы:

  • таныс есімдер мен сөздерді, күнделікті өмірде кездесетін қарапайым фразалар мен хабарландыруларды оқи алады;
  • өте қысқа қарапайым мәтіндерді, қысқа сипаттамаларды (әсіресе суреттер арқылы келген сипаттамалар) оқи алады;
  • қарапайым және қысқа жазбаша құрылымдарды, (мысалы, қарапайым қысқа ашықхаттар мен хабарландыруды) және жай сөйлемдерді оқи алады;
  • оқылатын мәтін көлемі – 80-100 сөз.

Жазылым бойынша:

Тіл қолданушы:

  • өзінің қайда тұратыны, жұмысы және өзіне таныс адамдар туралы жай сөйлемдер мен фразалар жаза алады;
  • бұл деңгейде диктант жазады, көлемі – 70 сөзден 100 сөзге дейін;
  • диктант мәтіні бойынша берілген сұрақтарға жауап бере алады;
  • жазбаша жаттығулар мен тапсырмаларды түсініп орындай алады;
  • мәтіндегі сөйлемнің көлемі – 7-10 сөйлем.

Айтылым бойынша:

Тіл қолданушы:

  • өзіне таныс тақырыптар жөнінде қысқа сұрақтар қойып, сол сұрақтарға жауап бере алады;
  • сұхбат кезінде өзінің өмірі туралы нақты және жай айтылған қарапайым сұрақтарға жауап бере алады;
  • өзіне тікелей бағытталған қарапайым нақты лебіздерді түсіне алады, мекенжайы, қызметі, өзі туралы сипаттай алады;
  • баяндамашыны, тілек айтушыны, сондай-ақ өте қысқа хабарламаларды таныстыра алады;
  • айтылым көлемі – 7-8 сөйлем, мәтін көлемі – 70-100 сөз.

Қарапайым деңгейден күтілетін нәтижелер:

Тіл қолданушы:

  • нақты міндеттерді орындауға қажетті таныс фразалар мен сөйлемшелерді пайдалана алады;
  • өзін және басқа біреулерді таныстыра алады, тұратын мекенжайы, таныстары, мүліктері туралы сұрап, жауап бере алады;
  • тілдесушінің асықпай, анық айтқан сөздерін түсініп, жеңіл сөйлесімдерге қатысады және қажетті көмек көрсете алады;
  • лексикалық минимум көлемі – 800-900 бірлік болады (тіл үйренушінің жеке тәжірибесіне байланысты шекті мөлшерден артық болуы мүмкін).

Оқыту бағдарламасы мемлекеттік қызметшілерді оқытудың нормативтік-құқықтық базасы

  1. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңы, №151, 11.07.1997ж.;
  2. Қазақстан Республикасында тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
  3. ҚР СТ 1926-2015 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Қарапайым деңгей. Жалпы меңгеру;
  4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Стандартына сәйкес қазақ тілін оқытуға арналған Типтік бағдарлама;
  5. Қазақ тілін қарапайым деңгейде меңгерудің деңгейлік-тақырыптық лексикалық минимумы, 2011.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. «Сарыарқа» оқу-әдістемелік кешенінің қарапайым деңгейге арналған «Тілашар» оқу құралы (І-V модульдер);
  2. Қазақ тілін оқытуға арналған типтік оқу-әдістемелік кешен. Қазақ тілі. Қарапайым деңгей. Астана, 2012;
  3. Күзекова З.С. Қазақ тілі. Оқу құралы. Бастапқы кезеңге арналған.Алматы., 2005
  4. Күзекова З.С. Қазақша сөйлейміз: Оқу құралы. – Алматы: Раритет, 2010.
  5. Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы (емле, тыныс белгілері, сөз сазы). Астана: Елорда, 2000
  6. Алдашева А., Сүлейменова Э., Аханова Д.Х, Алдаш Ж.Б. Ресми-іскери тіл: қазақша-орысша тіркесімдер сөздігі. – Алматы, «Издательство «Арман-ПВ»», 2005.

7. Бектурова А.Ш., Бектуров Ш.К. Казахский язык для всех. Алматы: 2004 – 720 б.

Аталған бағдарламаның сабақтары практикалық және тренинг түрінде жүргізіледі.

Оқытылатын контингент:

Қарағанды облысындағы мемлекеттік және жергілікті басқару саласының қызметшілері және жеке тұлғалар

Оқытылу ерекшелігі: күндізгі оқу, қарапайым деңгейдің ұзақтығы – 2,5-3 ай, жалпы сағат саны – 100.

Апталық сағаттың берілуі:аптасына 3 рет, бір сабақ 3 сағаттан(120 минут)

Тыңдаушы білімін бақылау түрі:

1.Лексика-грамматикалық бөлік бойынша:«ҚАЗТЕСТ»жүйесінің деңгейлік тест тапсырмалары;

2.Тыңдалым және оқылым бөлігі бойынша: «ҚАЗТЕСТ»жүйесінің деңгейлік тест тапсырмалары;

3.Жазылым бөлігі бойынша: диктант

4.Айтылым бөлігі бойынша: лексикалық тақырыптар

Бағдарламаның ерекшелігі:

  • материал қарапайым деңгейге негізделген;
  • тақырыптар модульдерге топтастырылып берілген (6 модуль);
  • оқыту материалы дәнекер тілсіз оқытуға негізделген;
  • бағдарлама мазмұны ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТ талаптарына сәйкес келеді.
Лексикалық

тақырыптар

Грамматикалық минимум Лексикалық минимум Сағ.

саны

І Танысу (24)
1 Сәлемдесу Қазақ тілінің төл дыбыстары

Дауысты, дауыссыз дыбыстар

Сәлемдесу

Сәлем

Сәлеметсің бе?

Сәлеметсіз бе?

Сәлеметсіздер ме?

Қалыңыз қалай?

Қалайсың?

Қалайсыз?

Қалдарыңыз қалай?

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Қайырлы кеш!

Қайырлы түн!

Қош келдіңіз(дер)!

Сау болыңыз!

Рақмет!

Жақсы

Өте жақсы!

Жаман емес

Тамаша!

Мырза

Ханым

Ағай

Апай

Інішек

Қарындас

Жігіт

Бойжеткен

2
2 Сәлемдесу Зат есім. Сұрақтары

Көптік жалғауы

Жағдайың қалай?

Көңіл күйің қалай?

Денсаулығың қалай?

Жұмысың қалай?

Қандай жаңалық бар?

Бәрі жақсы ма?

Отбасы

Жұмыс

Қызмет

Әріптес

Мұғалім

Оқытушы

Оқушы

Тыңдаушы

Мемлекеттік қызметші

Қызметкер

Дос

Қонақ

Оқулық

Кітап

Дәптер

Сөздік

Қалам

Қарындаш

Үстел

Орындық

2
3 Сіз кім боласыз? Жіктік жалғаулары.

Жіктік жалғауларының болымсыз түрі

Етістік. Не істеді? Қайтті?

Тұйық етістік

Етістіктің шақтары. Нақ осы шақ.

Сіз кім боласыз?

Аты

Тегі

Аты-жөні

Кешіріңіз

Атыңыз кім?

Мекеме

Басқарма

Бөлім

Басшы

Бастық

Орынбасар

Маман

Бас маман

Жетекші маман

Мамандық

Дәрігер

Заңгер

Хатшы

Аспаз

Отыру

Тұру

Жүру

Жату

2
4 Танысқаныма қуаныштымын! Сілтеу есімдіктері. Жекеше және көпше түрі.

Ауыспалы осы шақ: Етістік + (-а,-е,й) +жіктік жалғаулары.

Таныс

Бейтаныс

Танысу

Таныс, танысып қой

Кездесу

Ұлт

Адам, кісі

Құрбы

Жолдас

Жұбай

Көрші

Кілт

Көзілдірік

Сөмке

Құжат

Алу

Беру

Бару

Келу

Кету

Қайту

Апару

Әкелу

Әкету

2
5 Телефон арқылы сөйлесу Тәуелдік жалғауы

Дыбыс үндестігі

Ұялы телефон

Үй телефоны

Жұмыс телефоны

Байланыс телефоны

Телефон соғу

Қоңырау шалу

Шақыру

Сөйлесу

Күту

Хабарласу

Бос емес

Әрине

Бола ма?

Болады

Болмайды

Жарайды

Сұрақ

Жауап

2
6 Сөйлесім дағдысын қалыптастыруға арналған жаттығулар 2
7 Кездескенше күн жақсы! Ауыспалы осы шақ

Ауыспалы келер шақ

Етістік + -а, -е, -й + жіктік жалғауы

Ауыспалы осы және келер шақтың жіктелуі

Мезгіл үстеулері(бүгін, кеше, ертең, биыл, былтыр, таңертең, кешке, қазір).

Қазір

Алдыңгүні

Кеше

Бүгін

Ертең

Бүрсігүні

Күнде

Күндіз

Таңертең

Түсте

Кешке

Түнде

Бұрын

Былтыр

Биыл

2
8 Кездескенше күн жақсы! Септік жалғаулары

Барыс септігі+ қарай, дейін: тоғызға қарай

Шығыс септігі+соң, кейін жалғаулықтары

Қала

Ауыл

Үй

Дүкен

Базар

Асхана

Емхана

Кітапхана

Балабақша

Мектеп

Шаштараз

Кеңес

Жиналыс

Үзіліс

Демалыс

Демалу

Көру

Қарау

Кіру

Шығу

Дұрыс

Дұрыс емес

2
9 Менің

аты-жөнім

Ілік септігі (Кімнің? Ненің?)

Жедел өткен шақ. Етістік +(ды,-ді,-ты,ті) +жіктік жалғауы

Не істеді? Қайтті?

Білім

Жоғары

Орта

Орта кәсіптік

Орта арнаулы

Жоғары оқу орны

Бітіру

Лауазым

Еңбек өтілі

2
10 Өзім туралы

(1-сабақ)

Өздік есімдігі (өз, өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өзіміз, өздерің, өздері)

Көмектес септігі (Кіммен? Немен?)

Сын есімнің жұрнағы

Зат есім +(-лық,-лік, -дық, -дік, -тық, -тік)

Өмірбаян

Қызығушылық

Туу

Түсу

Аяқтау

Ата-ана

Күйеу

Әйел

Еркек, ер адам

Ұл

Қыз

2
11 Өзім туралы

(2-сабақ)

Жатыс септігі (кімде? Неде? Қайда?)

Сан есім. Қанша? Неше? Нешеу?

Есептік сан есім, реттік сан есім, жинақтық сан есім

Азамат(ша)

Жыл

Жас

Оқуға түсу

Жұмысқа тұру

Қызмет атқару

Тағайындау

Марапат

Марапаттау

2
12 Оқылым дағдысын қалыптастыруға арналған жаттығулар 2
ІІ Отбасы(18)
1 Менің туыстарым Ыңғайлас жалғаулықтар (мен, бен, пен, және, әрі, да, де, та, те)

Жинақтық сан есім (нешеу?)

-ау, -еу (біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу)

Әке

Шеше

Туыс

Ата

Әже

Ақсақал

Нағашы

Аға

Әпке

Сіңлі

Бауыр

Келін

Күйеу бала

Немере

Жиен

Шөбере

Зейнеткер

Кәсіпкер

2
2 Менің отбасым Табыс септігі (Кімді? Нені?)

Жіктеу есімдігінің септелуі

Үлкен

Кіші, кішкентай

Шағын

Тату

Үлгілі

Бақытты

Бірге

Бөлек

Сүю

Жақсы көру

Ұнау, ұнату, ұнайды

Сыйлау

2
3 Адам келбеті Сапалық сын есім. Сұрағы: қандай?

(ұзын, қысқа, аласа, толық, жуан, кең)

Адам келбеті

Дене мүшелері

Бой

Дене

Бас

Шаш

Құлақ

Маңдай

Қас

Қабақ

Көз

Кірпік

Бет

Мұрын

Ерін

Ауыз

Тіс

Тіл

Мұрт

Сақал

Мойын

Иық

2
4 Адамның мінез құлқы Туынды сын есім

Зат есім+(лы,-лі,-ды,-ді,-ты,-ті, -сыз, -сіз)

Сын-қимыл үстеуі

(үнемі, кейде, ылғи)

Жеке қасиет

Адал

Ақкөңіл

Ақылды

Әдепті

Көңілді

Көпшіл

Мейірімді

Сабырлы

Сенімді

Тұйық

Іскери қасиет

Беделді

Білімді

Білікті

Еңбекқор

Жан-жақты

Жауапты

Сауатты

Тәжірибелі

Ұқыпты

Іскер

2
5 Жазылым дағдысын қалыптастыруға арналған жаттығулар 2
6 Менің туған күнім Ауыспалы осы және келер шақтың болымды, болымсыз түрі

Етістік+(-ма/ме, -ба/бе, -па/пе)+(-а,-е,-й) +жіктік жалғауы

Реттік сан есім.

Сан есім + (-ыншы,-інші,-ншы, -нші)

Туған күн

Мерейтой

Мереке, мейрам

(… жасқа) толу

Тойлау

Атап өту

Безендіру

Тосынсый

Гүлшоқ

Әшекей

Ойыншық

Сыйлық

Сыйлық алу

Сыйлық беру

Әзірлеу

Дайындау

Шақыру

Қонақ шақыру

2
7 Құттықтау. Жедел өткен шақтың болымды, болымсыз түрлері

Етістік +(-ма/ме, -ба/бе, -па/пе)+(-ды/ді, ты/ті)+жіктік жалғауы

Етістік +(-ған/ген, -қан/кен)-жоқ+жіктік жалғауы

Етістік +(-ған/ген, -қан/кен)-емес+жіктік жалғауы

Қаратпа сөз.

Зор денсаулық

Мол бақыт

Ұзақ өмір

Ашық аспан

Табысты еңбек

Шынайы махаббат

Тілек

Тілек айту

Алғыс

Алғыс айту

Қабыл алу

Ашықхат

Құрметті

Қымбатты

Дәмхана

Мейрамхана

Туған күн иесі

Мерейтой иесі

Құрметпен

Шын жүректен

2
8 Аралық бақылау

(сөйлеу әрекетінің түрлері)

1.Тыңдалым тесті

2.Лексика грамматикалық тест

3.Оқылым тесті

4.Жазылым бойынша диктант

4
ІІІ Жұмыс(18)
1 Мамандықтар Туынды зат есім

(-шы, -ші, -кер, -гер,) жұмысшы, әнші, жмыскер, заңгер

Күшейтпелі шырай (Өте, ең, аса, тым)

Аудармашы

Әнші

Бағдарламашы

Даяшы

Жаттықтырушы

Жүргізуші

Кенші

Күзетші

Кітапханашы

Қаржыгер

Медбике

Сатушы

Сәнгер

Сәулетші

Тәрбиеші

Тігінші

Тілші

Ұшқыш

Қиын, ауыр

Жеңіл, оңай

Қызықты

Қажетті, керекті

2
2 Менің мамандығым Кім болып жұмыс істейді?

Мамандығы бойынша жұмыс істей ме?

Сала

Еңбек ету

Қызмет ету

Оқыту

Емдеу

Таңдау

Мамандығым бойынша

Отан

Ел

Белгілі

2
3 Менің жұмыс орным Етістік+у+(ға/ге) –бола ма?/рұқсат па?/ рұқсат етіңізші Әкімдік

Әкімшілік

Орталық

Ғимарат

Кеңсе

Қабылдау бөлмесі

Жиын залы

Жазу үстелі

Кесте

Жұмыс кестесі

Жұмыс күні

Жұмыс уақыты

Дербес компьютер

Ғаламтор

Іссапар

Бұйрық

Есеп

Тапсырма

Қатысу

Өткізу

Басталады

Аяқталады

Қосылған

Орналасқан

Алыс

Жақын

Ерте

Кеш

2
4 Түйіндеме Сан есімнің емлесі Жалпы ақпарат

Азаматтығы

Туған күні, айы, жылы

Туған жері

Отбасы жағдайы

Ажырасқан

Мақсат

Жұмыс тәжірибесі

Жетістік

Дағды

Қосымша

Мәлімет

Тілді білуі

Ана тілі

Еркін

Жетік білу

Сөздікпен

Аудару

Түсіну

Тәрбиелеу

Айналысу, шұғылдану

2
5 Оқылым дағдысын қалыптастыруға арналған жаттығулар 2
6 Апта атаулары Мезгіл мәнді жатыс септігі

Қашан? Нешеде? (қыста, шілдеде, жұмада)

Етістік+у+жіктік жалғауы – керек/қажет

керек пе?/қажет пе?

Апта атаулары

Осы аптада

Өткен аптада

Келесі аптада

Күнтізбе

Тәулік

Жыл

Ай

Күн

Уақыт

Сағат

Керек, қажет

Маңызды іс

2
7 Жұмыс күні Дейін, кейін, соң көмекші сөздері

Зат есім+барыс септігі+дейін

Зат есім+шығыс септігі+кейін, соң

Өздік етіс

Етістік + (-н,ын,ін)+(-а,-е,-й)+жіктік жалғауы

Етістік + (-н,ын,ін)+(-ба,-бе)+(-й)+жіктік жалғауы

Жуыну

Киіну

Тіс тазалау

Бояну

Қырыну

Тарану

Шешіну

Ұйықтау

Ұйқыдан тұру

Үзіліске шығу

Жұмысты жалғастыру

Тіркеу

Дүкенге соғу

Жаңалық

Үлгеру

Кешігу

Шаршау

Жаттығу залы

Жаттығу жасау

Оған дейін

Содан кейін

Содан соң

2
8 Үйде не істейсіз? Бұйрық рай Демалыс күні

Үй шаруасы

Сүйікті іс

Тоқыма тоқу

Азық-түлік

Тамақ пісіру

Тазалау

Ыдыс жуу

Еден жуу

Кір жуу

Кір үтіктеу

Үй жинау

Үй тазалау

Кілем тазадау

Бала тәрбиелеу

Баланы оқыту

Бау-бақша

Гүлбақша

Көгал

Аула

Бау-бақшаны күту

Өсіру

Отырғызу

Суару

Сатып әкелу

ойнау

2
9 Менің бос уақытым Ше сұраулық шылауы

Сан есімнің құрылымы

Неше рет

Немен айналысасың

Белсенді демалыс

Көрікті жерлер

Дүкен аралау

Саябақ

Қыдыру

Серуен, серуендеу

Жүзу

Секірі

Көрсету

Мұзайдын

Шаңғы тебу

Шана тебу

Боспын

Бос емеспін

2
ІV Қоршаған орта (18)
1 Қандай түсті ұнатасыз? Сын есімнің күшейтпелі шырайы (тым, өте, ең, аса) Ақ

Қара

Көк

Жасыл

Қызыл

Алқызыл

Қызғылт

Қызғылт

Қызғылт сары

Сары

Қоңыр

Күлгін

Сұр

Шұбар

Ала

Қою түсті

Ашық түсті

Ақшыл түсті

Мағына

Қуаныш

Қайғы

Молшылық

2
2 Қоршаған орта Зат есімнің түрлері. Жалпы есім. Жалқы есім.

Синонимдер

Табиғат

Ауа

Тау

Орман

Тоғай

Өзен

Көл

Теңіз

Мұхит

Өсімдік

Жапырақ

Көгал

Құс

Жануар

Жәндік

Оңтүстік

Солтүстік

Батыс

Шығыс

Қалың

Ұзындығы

Ені

Биіктігі

Тереңдігі

Шақырым

Шаршы метр

Жұту

Түсу

Шомылу

Бай

2
3 Жануарлар әлемі Сын есімнің салыстырмалы шырайы

дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары (үйдей, баладай, суреттей)

Үй жануарлары

Жылқы

Түйе

Сиыр

Қой

Ешкі

Ит

Мысық

Үй құстары

Тауық

Әтеш

Балапан

Аңдар, хайуанаттар

Хайуанаттар бағы

Қоян

Түлкі

Қасқыр

Маймыл

Аю

Жолбарыс

Арыстан

Піл

Өмір сүреді

2
4 Жыл мезгілдері Жатыс септігі (Қашан?) Қыс

Көктем

Жаз

Күз
күн

Ай

Қаңтар

Ақпан

Наурыз

Сәуір

Мамыр

Маусым

Шілде

Тамыз

Қыркүйек

Қазан

Қараша

Желтоқсан

Ыстық

Жылы

Салқын

Суық

Қар

Жаңбыр

2
5 Ауа райы Сын есімнің түрлері

Сапалық сын есім (ашық, жылы, ыстық)

Қатыстық сын есім.

Зат есім+ (-лы,-лі, ды,-ді,ты, -ті)

Ауа райы

Жел

Тұман

Бұршақ

Аяз

Көктайғақ

Күн күркіреу

Найзағай

Нөсер

құйын

Дауыл

Кемпірқосақ

Ашық

Шуақты

Жауын-шашынды

Құбылмалы

Еседі

Соғады

Жауады

Басылады

2
6 Маусымдық киімдер Қатыстық сын есім.

(-ғы, -гі, -қы, -кі) жазғы, күзгі

(-тық, -тік, -дық, -дік) күздік, қыстық

Ішкиім

Баскиім

Аяқкиім

Пәлте

Күрте

Жадағай

Тон

Костюм шалбар

Шалбар

Шолақ шалбар

Жейде

Бешпет

Белдемше

Кеудеше

Шұлық

Орамал

Құлақшын

Қалпақ

Етік

Бәтеңке

Қосалқы аксессуарлар

Қол сөмке

Сән

Сәнді

Тағу

Жарасу

Таңдау

Өлшеу

Киюге болады

Киюге болмайды

Классикалық үлгі

Еркін киім үлгісі

Спорттық үлгі

2
7 Еңбек демалысы Етістіктің қалау райы

Етістік+(-ғы, -гі, -қы, -кі)+жіктік жалғауы+келеді

(Аттракционға мінгім келеді).

Еңбек демалысы

Кезекті демалыс

Демалыс үйі

Демалыс орны

Шипажай

Жағажай

Күнге қыздырыну

Саяхат жасау

Тауға шығу

Қайықпен жүзу

Орманда серуендеу

Жидек теру

Таза ауамен дем алу

Шаңғы тебу

2
8 Аралық бақылау

(сөйлеу әрекетінің түрлері)

1.Тыңдалым тесті

2.Лексика грамматикалық тест

3.Оқылым тесті

4.Жазылым бойынша диктант

4
V Ас – адамның арқауы(10)
1 Азық түлік Қалау райдың болымсыз түрі

Етістік+(-ғы, -гі, -қы, -кі)+жіктік жалғауы+келмей отыр

Етістік+(-ғы, -гі, -қы, -кі)+жіктік жалғауы+келмейді

Етістік+(-ғы, -гі, -қы, -кі)+жіктік жалғауы+келмейді

Нан

Қант

Май

Шай

Сүт

Айран

Ірімшік

Қаймақ

Сарымай

Ет

Шұжық

Жұмыртқа

балық

Өнім

Кондитер өнімдері

Макарон өнімдері

Жармалар

Күріш

Қарақұмық

Бұршақ

Үрмебұршақ

Түтік кеспе

Дәмдеуіштер

Тұз

Бұрыш

Күнбағыс майы

2
2 Дүкенде Күшейтпелі шырай Келі

Дана

Бөлке

Қорап

Бөтелке

Жеміс

Жидек

Алма

Алмұрт

Өрік

Шабдалы

Шие

Қызыл шие

Қарақат

Қауын

қарбыз

Көкөніс

Картоп

Қияр

Қызанақ

Қызылша

Асқабақ

Сәбіз

Пияз

Тәтті бұрыш

Қырықжапырақ

Аскөк

Ақжелкен

Сарымсақ

Кәді

Сатып алушы

Тұтынушы

2
3 Ас мәзірі Күшейткіш үстеулер

Өте, тым, аса, ең

Туынды сын есімдер

Зат есім+ (-лы,-лі, ды,-ді,ты, -ті)

Етістік + (-ған, -ген, -қан, -кен)

Етістік +(ыл,-іл,-л)+ (-ған, -ген, -қан, -кен)

Тағам

Сұйық тағам

Қою тағам

Жеңіл тағам

Тәттілер

Ботқа

Сұлы ботқасы

Тары ботқасы

Қазақша ет

Көже

Кеспе

Тұшпара

Пісірілген

Қуырылған

Бұқтырылған

Кептірілген

Дәмді

Пайдалы

Зиянды

Дәстүрлі

Тойымды

Құнарлы

Сіңімді

нәрлі

2
4 Жазылым дағдысын қалыптастыруға арналған жаттығулар 2
5 Асханада Көмектес септік (Немен? –мен, бен, -пен) Шәйнек

Құман

Кесе

Шыныаяқ

Саптыаяқ

Тәрелке

Қасық

Шанышқы

Пышақ

Майлық

Дастарқан

Тапсырыс

2
Мекенжай (12)
1 Мекенжай Жатыс септігінің тәуелденген түрі Даңғыл

Көше

Алаң

Қабат

Көпқабатты

Ықшамаудан

Осында

Кіреберіс

Іші

Сырты

Асты

Үсті

Алды

Арты

Бойы

Жаны

Қасы

Маңы

Айнала

Айналасы

Арасы

Ортасы

Шеті

Басы

Аяғы

Қарама-қарсы

Оң жағы

Сол жағы

2
2 Менің пәтерім Зат есім + (-ның, -нің, дың,-дің, -тың, -тің)—көмекші есімдер +(-нда, нде)

Антонимдер

Пәтер

Бөлме

Қонақ бөлме

Жатын бөлме

Асүй

Жуынатын бөлме

Дәретхана

Дәліз

Есік

Терезе

Төбе

Қабырғы

Еден

Бұрыш

2
3 Үй жиһаздары Тіркескен сөздер Жұмсақ жиһаз

Қабырға жиһазы

Журнал үстелі

Ыдыс шкафы

Киім шкафы

Аяқкиім шкафы

Қабырға сураті

Қабырға шамы

Аспашам

Сөре

Кереует

Тартпа

Айна

Перде

Кілем

Ағаштан жасалған

Былғарыдан жасалған

Шыныдан жасалған

2
4 Тұрмыстық заттар Модаль сөздердің болымсыз түрлері

Етістік + (-у) – керек/қажет емес

Етістік + (-у) +(-дың, дің)– керегі/қажеті жоқ

Біріккен сөздер

Тұрмыстық техника

Тоңазытқыш

Мұздатқыш

Кіржуғыш машина

Ыдысжуғыш машина

Қысқатолқынды пеш

Асүй комбайны

Аудио-бейне техника

Теледидар

Музыкалық орталық

Электр құралдары

Үтік

Шаңсорғыш

Электр шәйнегі
желдеткіш

Жылытқыш

Ауабаптағыш

Сақтау

Суыту

Мұздату

Шаю

Кептіру

қайнату

2
5 Аралық бақылау

(сөйлеу әрекетінің түрлері)

1.Тыңдалым тесті

2.Лексика грамматикалық тест

3.Оқылым тесті

4.Жазылым бойынша диктант

4

Қарапайым (А1) деңгейінің емтихан материалдары

Қарапайым (А1) деңгейінің емтихан материалдары (лексикалық тақырыптар)

1.Менің аты-жөнім

2.Өзім туралы

3.Менің туыстарым

4.Менің отбасым

5.Адам келбеті

6.Менің туған күнім

7.Мамандықтар

8.Менің мамандығым

9.Апта атаулары

10.Ауа райы

11.Маусымдық киімдер

12.Ас мәзірі

13.Менің мекенжайым

14.Менің пәтерім

15.Түйіндеме

16.Менің бос уақытым

17.Үйде не істейсіз?

18.Еңбек демалысы

19.Дүкенде

20.Қазақ тілі курсында

Қарапайым (А1) деңгейінің емтихан материалдары (қорытынды диктант)

Нобель сыйлығын тапсыру

Нобель сыйлықтарын тапсыру кешінде ұйымдастырылған кешкі ас мәзірі ерекше болады. Қазіргі уақытта бұл кеш қала басқармасының көк залында өткізіледі. Оған көп қонақ шақырылады. Қонақтардан фрактармен кешкі киімде болу талап етіледі. Мәзірді басқарма асханасының аспаздары және «жыл аспазы» номинациясына ие болған аспаздар дайындайды.

Қыркүйек айында мәзірдің үш түрлі нұсқасы бойынша дайындалған тамақтар Нобель ұйымы мүшелеріне ұсынылады. Солардың ішінен кеш дастарқанына қойылатыны таңдап алынады. Балмұздақтың қай түрі дастарқанға қойылатыны желтоқсан кешіне дейін ешкімге айтылмайды.

Нобель банкеті үшін дастарқан элементтері арнайы дизайнмен жасалады. (80 сөз)

Қарапайым (А1) деңгейінде орындалатын ағымдық жазба жұмыстар (диктант)

Спорт – денсаулық кепілі

Спортпен айналысқан адамның дені сау, жаны таза болады. «Денсаулық – зор байлық», – дейді халқымыз. Мен спортты өте жақсы көремін. Аптасына үш күн бассейнге барып, суда жүземін. Футбол, волейбол сияқты доп ойындарын бала күннен ойнап өстім. Қазір де қызметтес достарыммен бірге апта сайын спортзалға барып, спортпен айналысамын.

Қыс айларында коньки тебуді жақсы көремін. Таза ауа адамның шаршағанын жеңілдетеді. Спортпен айналысатын адамның көңіл-күйі үнемі жақсы болады. (64 сөз)

Электронды пошта

Электронды пошта – әлемнің кез келген жеріне хабар жіберудің ең сенімді жолы. Хабар дегеніміз тек жай мәтін ғана емес, сурет немесе жазылған файл болуы мүмкін. Хатты немесе хабарды алу үшін алдымен өзің сондай поштаға қосылуың қажет. Ал хабар жіберу үшін оны алушының электронды мекенжайын білуің керек. Менің электронды мекенжайым бар. Көптеген достарыммен осы электронды пошта арқылы хабарласа аламын. Бұл қазіргі кезде өте қажет деп ойлаймын. (64 сөз)

Сәлемдесу мәдениеті

Сәлемдескенде адамдар бір-бірінің амандығын біледі. Бір-біріне тілегін білдіреді. Сәлемдесу адамгершіліктің, әдептіліктің бір белгісі болып табылады. Әрбір адам «қайырлы таң», «қайырлы күн», «қайырлы кеш» деген сөздермен амандасуда мәдениеттілік белгілерін көрсетеді. Осылай олар тәуліктің үш мезгілінде бір-бірімен ақжарқын амандаса алады.

Қазақ салтында оң алақанын жүрегінің үстіне қойып, басын изейді. Не болмаса қол беріп амандасады. Бұл «Сізді шын жүректен құрметтеп, амандығыңызды тілеймін» деген мағынаны білдіреді. (62 сөз)

Астана жазы

Жаз келді. Жаз айында жапырақтар жайқалып, көлеңке түседі. Жылы жел соғып, кей күндері ыстық болады.

Адамдар жеңіл киіне бастайды. Қала тұрғындары Астана күнін асыға күтеді. Бұл – үлкен мереке. Аспан көк түсті, бұлттар жай жылжиды. Астана аспанына әркім ғашық. Әсіресе – жастар. Олар аспанға қарап армандайды.

Осы жыл мезгілі әрбір адам үшін қымбат. Мен үшін де қымбат. Менің туған күнім осы жаз айында. Бұл күні құшағың гүлге, көңілің тілекке толады. (68 сөз)

Медициналық орталық

Астана қаласында медициналық көмек көрсету орталығы бар. Орталықтың басты ерекшелігі мұнда нефролог, уролог, гинеколог-мамандар жоқ. Отбасылық дәрігерлер және мейірбикелер ғана қабылдау жүргізеді. Олар бірнеше бағытта жұмыс істейді. Тәжірибелі дәрігер отбасына медициналық көмек көрсетеді. Бұл отбасы мүшелеріне де, дәрігерлерге де өте ыңғайлы әрі уақытты үнемдейді.

Осы орталықта тұрғындарға келесі қызметтер көрсетіледі: денсаулық бойынша жеке кеңес беру, денсаулық мектептері бар. Денсаулық мектептерінде мамандар әртүрлі топтар бойынша тренингтер ұйымдастырып отырады.

Орталық күн сайын таңертеңгі сағат 9-дан кешкі 18.00-ге дейін тұрғындарға әлеуметтік қызмет көрсетеді. Денсаулық мектептері кесте бойынша күн сайын қызмет етеді. (88 сөз)

Мемлекеттік тілді біліктілік талаптарына сәйкес қарапайым деңгейде меңгеруі абзал кәсіптердің, мамандықтардың және лауазымдардың тізбесі

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР:

1) Құқық қорғау органдары:

C-FPU-12 санатындағы құқық қорғау органдары қызметкерлері;

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының, қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қатардағы және кіші басшы құрамының (комитеттің, департаменттің, бөлімнің, бөлімшенің, сектордың) сержанттар құрамы (старшиналар) түрлі дәрежедегі тергеу изоляторларының күзетшілері, ішкі істер органдарының атқаратын қызметі талдау жасап, қорытындылап, шешім қабылдау арқылы басқарумен байланыспайтын қызметкерлері;

түрлі дәрежедегі өрт сөндіру бөлімдерінің қатардағы өрт сөндірушілері, жедел құтқарушылары, жедел кезкешілері, жүргізушілері, механиктері, осы санаттады барлық қызметшілері және төтенше жағдайлар саласы бойынша атқаратын қызметі талдау жасап, қорытындылап, шешім қабылдау арқылы басқарумен байланыспайтын төменгі шенді барлық қызметшілері;

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕР:

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің және басқа әскерлер мен әскери құрылымдардың әскери кемелік сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) құрамы:

1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Штабтар басшылықтары, Комитет департаменттері, бас басқармалардың, басқармалардың, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің түрлері мен тектерінің бас қолбасшылықтарының, өңірлік қолбасшылықтардың, Қорғаныс министрлігіне бағынысты барлық мемлекеттік мекемелердің, Қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің (басқармалар, бөлімдер), жоғары әскери оқу орындарының келісімшарт бойынша әскери қызметшілері (сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) құрамы) мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қызметкерлері, сарапшылары, және жалпы әскери қызмет саласы бойынша атқаратын қызметі талдау жасап, қорытындылап, шешім қабылдау арқылы басқарумен байланыспайтын қорғаныс саласының әскери қызметшілері;

2) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарында келісімшарт бойынша қызмет атқаратын әскери қызметшілері мен қызметшілері (сарбаздар және әскери кемелік сарбаздар (матростар) құрамы);

3) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарынның келісімшарт бойынша әскери қызметшілері (сержанттар мен старшиналар) және қызметі талдау жасап, қорытындылап, шешім қабылдау арқылы басқарумен байланыспайтын әскери қызметшілері;

4) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі әскери бөлімдерінің жедел құтқарушылары, жедел кезекшілері, жүргізушілері, механиктері және осы санаттады барлық қызметшілері.

АЗАМАТТЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР:

1) G-14 санатындағы азаматтық кызметкерлер және азаматтық сала бойынша қызметі талдау жасап, қорытындылап, шешім қабылдау арқылы басқарумен байланыспайтын барлық азаматтық қызметкерлер:

мемлекеттік емес тілді орта мектептердің және аралас мектептердің өзге тілді сыныптарында сабақ беретін мұғалімдері, оқу-курсы және оқу-өндіріс комбинаттарының мұғалімдері, шығармашылық шеберханалары жетекшілері, балалар, сәбилер үйлерінің, интернат, жатақхана, балабақшаларының (балалар яслилері), мектептен тыс балалар ұйымдарының тәрбиешілері, білім және ғылым саласына қатысты барлық мұрағаттар мен кітапханалардың, зертханалардың мамандары, лаборанттары, хатшылары, шаруашылық бөлімдерінің қызметкерлері;

денсаулық сақтау, медицина, фармацевтика, санитарлық-эпидемиологиялық салалардың барлық құрылымдық бөлімдерінің мамандары, санитарлары, нұсқаушы-дезинфекторлары, зертханашылары;

түрлі дәрежедегі театрлар мен мәдениет мекемелерінің, түрлі мәдениет ошақтарының, мұражайлардың, үйірмелердің атқаратын қызметі талдау жасап, қорытындылап, шешім қабылдау арқылы басқарумен байланыспайтын төменгі шенді барлық қызметшілері;

ақпарат және байланыс саласы бойынша ақпараттық технологиялар мамандары, пошта қызметшілері, курьерлері, техниктері, тасымалдаушылары, сұрыптаушылары, жалпы пошта қызметінің басқа да қызметшілері, телебайланыс бөлімшелерінің техниктері, стенографтары, машинистері, телерадио таратылым техниктері, дыбыс операторлары, механиктері, бұқаралық ақпарат құралдарының техниктері, фотооператорлары, механиктер, түрлі дәрежедегі (қалалық, облыстық, аудандық) халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамандары, техникалық орындаушылары, ассистенттері, рұқсаттама бюросының кезекшілері, күзетшілері;

түрлі вокзалдар мен арнайы тұрақтар, әуежайлар, порттардың машинистері, механиктері, белгі берушілер, баптау және тағы басқа қызмет атқаратын жұмысшылары, техниктері, курьерлері, парк бойынша кезекшілері, қалалық көлік маршрутының кондукторлары, жүргізушілері, байланыстағы орталық бөлім, бөлімше, қызмет ауысымы, станса, филиал, пошта вагондар құрамының, халықаралық және қалааралық тасымалдау жөніндегі дирекцияларының диспетчерлері, мамандары, техниктері, курьерлері;

қауіпсіздік техникасы саласы (көлік құралдарының, өнім мен өндіріс процестерінің), жер қойнауын қорғау және пайдалану жөніндегі эколог мамандар, техниктер, лаборанттар, операторлар, қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму функцияларын орындайтын техниктер, лаборанттар, инспекторлар, операторлар, эколог мамандар;

Ұлттық олимпиада комитетінің, спорт федерацияларының олимпиадалық даярлау орталықтарының, спорт мектептерінің, стадиондар мен спорт сарайларының инструкторлары, әдіскерлері, спорт жаттықтырушылары;

орман, су шаруашылығы жұмысшылары, қорықтардың күтушілері, күзетшілері;

автоматтандырылған жүйелер жөндеушілері, минералды ресурстарды өндіру және байыту саласының кеншілері, кен-байытушылары, лаборанттары, техниктері, металлургтері, метрологтары.

ӨЗГЕ ДЕ САЛАЛАР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ:

1) Акциялары отыз бес және одан да көп пайызы (қатысу үлесі) мемлекеттікі болып саналатын мемлекеттік холдингтердің, ұлттық компаниялардың, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің техникалық қызметтегі жұмысшылары және қызметі талдау жасап, қорытындылап, шешім қабылдау арқылы басқарумен байланыспайтын төменгі шенді қызметшілері;

2) банктер мен олардың филиалдарының қор биржаларының, аудиторлық және сақтандыру компанияларының, ломбардтардың инкасаторлары, курьерлері, қауіпсіздік қызметшілері;

3) Қазақстан туристік ассоциациясының халықаралық дәрежедегі туристік ұйымдарының, бірінші немесе одан төмен санатты туризм нұсқаушылары;

4) қонақ үйлер мен мейрамханалар Қазақстандық ассоциациясының демалыс үйлері, қонақ үйлері мен мейрамханалардың аспазшылары, бөлме тазалау, химиялық тазалау бөлімдерінің қызметшілері;

5) кассирлер, қоймашылар, күзетшілер, экспедиторлар шаруашылық бөлімдерінің қызметкерлері фотостудия қызметшілері, шаштараздар, тігіншілер, аспазшылар, буфетшілер;

6) халыққа әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарының, пәтер иелері кооперативтерінің шаруашылық қызмет көрсетумен айналысатын қызметшілері;

7) ауыл шаруашылығының нарыққа шығару үшін өсірілетін жеміс-жидек, дәнді дақылдар және басқа да бау-бақша өнімдерін өндірушілері, егіншілері, жүргізушілері, машина жүргізушілері, механиктері, слесарьлері, ауыл шаруашылығының нарыққа шығару үшін мал, құс, балық өнімдерін өндірушілері, сауыншылары, малшылары, балықшылары;

8) халыққа қызмет көрсетумен байланысты жекеменшік кәсіп субъектілерінің барлық мамандары мен қызметшілеріне мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде меңгеру ұсынылады.