





БАСТЫ БЕТ
Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы» Заңы тiлдердi ұлтаралық жарастық және рухани келiсiм құралы ретiнде қызмет етуiн көздейдi. Қазақ тiлi Коституциямен бекiтiлген мемлекеттік тіл статусына сәйкес тамырын кең жаюда. Оның айғағы тiлдiң қолданыс аясының кеңеюi болып табылады.
Теміртау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Теміртау қаласының тілдерді дамыту орталығы» КММ
2014 жылдың қаңтар айында Теміртау қаласы әкімдігінің қолдауымен құрылды.
Орталықтың негізгі міндеті:
-білім беру және ағарту, әдістемелік қызмет;
-қалада тіл саясатын жүзеге асыру, халықтың лингвистикалық капиталын дамыту, атап айтқанда мемлекеттік тілдің қолданылуын кеңейту және тегін курстар арқылы басқа тілдерді дамыту.
2014 жылдан бастап бүгінге дейін орталықта 5296 тыңдаушы оқытылды, олардың 3211-i мемлекеттiк тiлi, 1852-сi ағылшын тiлi, 233-і орыс тілі курстарына қамтылды.
Орталық жаңа заман талабына сай жабдықталғын. Азаматтардың мемлекеттiк тiлдi меңгеруi үшiн барлық жағдайлар жасалған.
Орталықта қазақ тілінің мультимедиялық кабинеті (15 орындық), үлкен теледидармен басқа да техникалық құралдармен жабдықталған ағылшын тілі кабинеті (18 орындық), 1 проектор мен экран, компьютер, принтер, дыбыс күшейткіштермен жабдықталған орыс тілі кабинеті бар. 2021 жылдан бастап Блюхер көшесі 13 мекенжайында орналасқан «Этномәдениет бірлестіктері орталығында» және Строителей 47 мекенжайындағы «Достық үйінің» ғимараттарында техникалық құрылғылар мен және арнайы жиһаздармен жабдықталған қазақ тілі кабинеттері жұмыс істейді
Сонымен қатар 2022 жылы «Әлем» және «Евразия» сауда үйлерінде шағын және орта бизнес өкілдеріне арналған салаларға бағыттап оқытатын «Оңай тіл» қазақ тілі кабинеттері ашылды. Бұл кабинеттер де заманауи талаптарға сәйкес техникалық құрылғылар мен және арнайы жиһаздармен жабдықталған.

ЖАҢАЛЫҚТАР
Баланың сөйлеу тілінің даму кезеңі
«Бала шыр етіп жерге түскенде дыбыспен бірге туады» деп Ж.Аймауытұлы айтқандай, дыбыспен өмірге келген бала өмірінің барлық кезеңін...
Әрі қарайАШЫҚ ЕСІК КҮНІ: «ҚАЗАҚШАҢЫЗ ҚАЛАЙ?»
2022 жылғы 22 қыркүйек күні Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, «Қазақша үйрен» оқу орталығымен бірлесіп «Қазақшаңыз...
Әрі қарайТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ БАЗА: ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ
Терминология мәселелерімен кімдердің айналысқаны абзал деген сұрақ көпті мазалап жүр? Сіздің көзқарасыңызды білсек? Отандық тіл білімінде терминология мәселелерімен...
Әрі қарайҚазақстандағы БАҚ-тың рөлі және ұлттық идея
Қазақстан Республикасы тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері әлемде саяси, экономикалық, қоғамдық орны бар екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Әлемдік...
Әрі қарай